Аудан әкімі қарттарды құттықтады

Аудан әкімі қарттарды құттықтады
Аудан әкімі қарттарды құттықтады
Бүгін аудан әкімі Серікжан Ерекешев ауданымыздың қазыналы қарттарымызға арнайы барып, айтулы мерекелерімен құттықтап, сый-сияпатын тарту етіп қайтты. Сан жылдардағы еліміздің дамуы жолында еңселі еңбегімен бүгінде ел құрметіне бөленіп отырған, көпті көрген қарттар аудан басшысының бұл кішіпейілділігі мен ілтипатына риза болды.
Алдымен Серікжан Қазиұлы Ұлы Отан Соғысының ардагерлері Жұмабек Сапаров пен Иван Белоусовтың үйлеріне барып, хал жағдайларын сұрап, ақ баталарын алды. Сонымен қатар, аудан басшысы 105-ке келген кейуана Батиха апамыздың және 100-ге толған Бубиза апамыздың шаңырақтарына барып, құттықтап қайтты.