«Zhas Project» жеңімпаздары өз жобаларымен таныстырды
Кеше Талғар қаласындағы N7 орта мектепте аудан әкімі Серікжан Ерекешевтің қатысуымен «Zhas Project» жеңімпаздарымен кездесу болып өтті.
Бұл жоба 2017 жылдан бері жүзеге асып келеді. Мақсаты – жастардың қоғамдағы орнын табуына көмектесу, белсенділігін арттыру, оларды пайдалы қызметтерге тарту арқылы жұмыссыз жастардың санын азайту. Гранттық бағдарламаға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Басымдық жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын және жұмыс істейтін табысы төмен адамдарға берілді. Бір әлеуметтік жобаны 3-5 адам бірігіп дайындауына болады. Үш кезеңнен тұратын іріктеуден өткендер 1 миллион теңгеге ие болды, олар бес ай бойы өз жобаларын жүзеге асырады. Алты айдан кейін қатысушылар құрал-жабдықтарды тегін өз иелігіне алып, кәсібін жалғастыра береді.
"Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы бойынша Алматы облысынан 155 жоба, 500-ден астам үміткер қатысты. Ал Талғар ауданынан соның ішінен 13 жоба жеңімпаз атанды!