Аудан әкімі төтенше жағдайлар туындауы мүмкін қауіпті аймақтармен танысты

Аудан әкімі төтенше жағдайлар туындауы мүмкін қауіпті аймақтармен танысты
Аудан әкімі төтенше жағдайлар туындауы мүмкін қауіпті аймақтармен танысты
Кеше Серікжан Ерекешев төтенше жағдайлар туындауы мүмкін аса қауіпті учаскелермен танысу мақсатында ауданды аралап шықты. Аудан басшысы жыл басынан бері Талғардың жоғарғы жағында орналасқан «Түйе» тауының баурайын нығайту бойынша жүріп жатқан жұмыстардың барысын бақылап, Талғар өзеніндегі бөгеттің жағдайымен танысты. Сондай-ақ, Серікжан Қазиұлы Бесағаш, Тұздыбастау және Гүлдала ауылдық округтеріндегі шағын өзендердің арналары мен жөндеуді қажет ететін аса қауіпті көпірлерді аралап көрді.
Ауданда лай көшкіні болуы ықтимал 13 аймақ, су тасқыны мен су басу қаупі бар 12 аймақ және 1 сел қаупі бар аймақ бар.