2022 жылы 30 қыркүйегінде сағат 18:00-де кандидаттарды ұсыну мерзiмi аяқталды.
Панфилов ауылдық округі әкімдігіне 6 кандидат ұсынылды, оның 1 (16,6%) - саяси партиялар, 5 (83,4%) - өзін-өзі ұсыну арқылы.
1- кандидат «Amanat» партиясы ұсынды.
Өзін-өзі ұсынған 2-кандидат Айтуганов М.Н, Бақытжан А.Б мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органнан келіп түскен құжатқа сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Қазіргі уақытта ұсынылған 3 кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеріліп сәйкес келетіндігі анықталды. 1 кандидаттың құжаттары тексерілуде.
Кеңдала ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат ұсынылды, оның 1 (33,3%) - саяси партиялар, 2 (66,7%) - өзін-өзі ұсыну арқылы.
1- кандидат «Amanat» партиясы ұсынды.
Өзін-өзі ұсынған 1-кандидат Мажибаев Е.А мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органнан келіп түскен құжатқа сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Қазіргі уақытта ұсынылған 2 кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеріліп сәйкес келетіндігі анықталды. Бүгінгі күнге 1 кандидат тіркелді.
Гүлдала ауылдық округі әкімдігіне 4 кандидат ұсынылды, оның 1 (25%) - саяси партиялар, 3 (75%) - өзін-өзі ұсыну арқылы.
1- кандидат «Amanat» партиясы ұсынды.
Қазіргі уақытта ұсынылған 4 кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеріліп сәйкес келетіндігі анықталды. Бүгінгі күнге 1 кандидат тіркелді.
Кандидаттарды тіркеу 2022 жылдың 05 қазан күні сағ: 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Талғар аудандық сайлау комиссиясы