Меню

Страницы

Статья

Электронды құжат – экономиканы дамытудың негізгі тетігі.

     

Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін арнайы жағдай жасалуда, яғни заңнамаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асыру сыбайлас жем­қорлық жойып мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады. Осы бағытта мемлекеттік қызметшілер ақпараттық технологияларды қолдана отырып жеке және (немесе) заңды тұлғаларға электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсету.

       Қазіргі таңда техника, технология жетістіктерін шеберлікпен пайдаланудың арқасында мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдар ел азаматтарымен тұрақты қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын осы электронды үкімет жүйесі арқылы жүргізу болып отыр. Керекті құжаттың электронды нұсқасын пайдалану арқылы қағазбастылық артта қалып, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Электронды құжат – экономиканы дамытудың негізгі тетігі екені анық.

     Талғар ауданының Қайнар ауылдық округіне қарасты 12 ауыл бар және олар бір-бірінен шалғай орналасқандықтан ауыл тұрғындарына электронды үкіметтің www.egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу өте ыңғайлы, тиімді, және әрі қолжетімді, Себебі,   жолға шығындалмай, мекемелердің табалдырығын тоздырып уақытын жоғалтпай, үйден шықпай-ақ қызметтерді ала алады.

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың бірыңғай тізілімін әзірлеуді тапсырған болатын. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімелесіп, ЖТҚ-ға жер учаскесін алуға кезекке қою процесін автоматтандырылды. Қазіргі кезде, жер кезегіне халық  электронды түрде тіркелуде. Бұл дегеніміз, жер теліміне кезекті цифрландыру – сыбайлас жемқорлықты жою және жерді игеру үдерісінде жасалған үлкен ілгері қадам.

       Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Олай болса, «Талғар ауданының Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сын арттыру мақсатында халықтың игілігі үшін адал еңбек етуде. Адал еңбек – мемлекеттің өркендеуінің кепілі деуге болады. Мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты- халыққа адал еңбек ету, сапалы қызмет көрсету.

 

Қайнар ауылдық округі

 әкімі аппаратының 

бас маман

М.Нұрғожаева



Дата публикации
30 мая 2022
Дата обновления
30 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы