Ақпараттық хабарлама
Өкінішке қарай, техникалық ақауға байланысты Мемлекеттік қызметтерді ХҚО операторлары арқылы алу әлі де қолжетімсіз екенін хабарлауға мәжбүрміз.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Мемлекеттік корпорацияның мамандары туындаған мәселені шешіп жатыр.
Азаматтарды түсіністік білдіруін сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтер egov.kz электрондық үкімет порталында, egov mobile қосымшасында және egovkzbot2.0 телеграм-ботында онлайн түрде қолжетімді.
Қажет болған жағдайда клиенттер ХҚО-да орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы қызметкерлерімізден кеңес ала алады.
Мемлекеттік корпорация келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.