Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің профессорлары Мирзагулов С.М. ,Кулатаев Б.Т. және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылық құрылымдарына «Ірі қара мал шаруашылығы» бағытында семинар өткізілді. Семинарда «Ақпараттық талдау жүйесімен асыл тұқымдық есеп жүргізу», «Сауын сиырларын азықтандыру технологиясы»,«Тұқымдық бұқаларды индекстік бағалау деректері негізінде іріктеу» тақырыбында ақпараттар берілді.