Меню

Страницы

Статья

Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі

Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі. Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан клиенттер мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады. 
Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін клиенттер мемлекеттік бажды банкке немесе "Қазпошта" кассаларына барып төлеп, төлем чегін  нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жояды. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді.
Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚО немесе нотариус арқылы да беруге болады.
Дата публикации
23 сентября 2021
Дата обновления
23 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы