Меню

Страницы

Статья

Egov порталы арқылы онлайн қайта рәсімдеңіз

Egov порталы арқылы онлайн қайта рәсімдеңіз. Қызметтің порталдағы атауы: «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру». Қызметті тапқаннан келесі қадамдарды орындау керек.

Егер көлігіңізді сатуды ұйғарып, тіпті сатып алушыны да тауып қойсаңыз, автокөлікті Egov порталы арқылы онлайн қайта рәсімдеңіз. Қызметтің порталдағы атауы: «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру». Қызметті тапқаннан келесі қадамдарды орындау керек.

1️⃣ Порталда авторизациядан өтіп, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз

2️⃣ Сұранымды толтырып, сатып алушының ЖСН-ін көрсетіңіз

3️⃣ ЭЦҚ көмегімен сұрауға қол қойыңыз

4️⃣ Сатып алушының растауын алыңыз

5️⃣ Жеке кабинетте қызмет көрсету нәтижесімен танысыңыз

Өз кезегінде Сатып алушы Egov-қа кіріп, барлығын растап, мемлекеттік бажды төлейді.

Сұранымды келісу үшін сатып алушының ЭЦҚ-сы болуы қажет. Содан кейін ол мемлекеттік нөмірді таңдап, порталда мемлекеттік баж салығын төлейді. Мемлекеттік баж құны-12 545 теңге (2021 жылы), қызмет көрсету уақыты – 1 сағат.

Барлық талап орындалғаннан кейін сатып алушы мамандандырылған ХҚО-ға баруы керек. Өзімен бірге ол мемлекеттік баж төлеу және жинау туралы түбіртекті, көлік құралын тіркеу актісін, мәміленің электрондық нысан құжатын, сондай-ақ ескі нөмірлер мен техпаспортты ала баруы тиіс. Егер барлық құжат дұрыс болса, сатып алушы автокөлікті тіркеу туралы куәлікті және жаңа нөмірлік белгілерді алады.

 

Дата публикации
22 сентября 2021
Дата обновления
22 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы