Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

БЖЗҚ «Әлеуметтік қызметтер үйі» жобасына қатысуда

 

2021 жылдың 4 маусымында Алматыда «Әлеуметтік қызметтер үйінің» ашылу рәсімі  өтті.

Бұл жобада мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының жұмысы біріктірілген, олардың мақсаты – әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев  әлеуметтік үйдің ашылуында қала тұрғындарын әлеуметтік дамыту мен қолдау – Алматы әкімдігінің басым және стратегиялық міндеті екенін, ал бұл жобаның мақсаты –Алматыны тең мүмкіндіктер қаласы, яғни, басты орталық – адам болып есептелетін, барлығы қамтылған   қалаға айналдыру екенін атап өтті.

Осы жоба шеңберінде ағымдағы жылы 124 мыңға жуық адамды әлеуметтік қолдаумен қамту жоспарлануда, оның ішінде тірек-қимыл аппараты зақымдалған адамдар үйге кедергісіз келе алады. Ғимарат заманауи көтергіш құрылғымен және бірінші қабатта кең операциялық залмен жабдықталған.

 776 әлеуметтік маңызы бар қызметтермен қатар, бұл жерде БЖЗҚ-ның зейнетақы қызметтері де  қолжетімді болады, оның ішінде:

1) Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша кеңес беру-түсіндіру қызметтері;

2) БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін тұтынушылардың деректемелерін өзгерту/толықтыру туралы өтініштерін ресімдеу;

3) ақпарат беру тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімді ресімдеу;

4) салымшылардың / алушылардың жеке зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелер беру;

5) жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштің көшірмесін / жаңа редакциясын беру;

6) төлемге өтініштерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресімдеу.

Барлық қызметтер  дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9:00 мен 18:00 аралығында көрсетіледі, түскі үзіліс – сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

БЖЗҚ әрдайым өз салымшылары мен алушыларының қамын ойлайды, әлеуметтік жобаларды қолдайды және азаматтарға зейнетақы қызметтерінің барлық түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар  жүргізеді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 июня 2021
Дата обновления
09 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы