Меню

Страницы

Статья

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ I ТОҚСАНДАҒЫ БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫН МӘЛІМДЕДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ I ТОҚСАНДАҒЫ БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫН МӘЛІМДЕДІ

 

Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау бүгінгі күні мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Бұл бағытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Protecting business and investments» бизнес пен инвестицияларды қорғау жобасын іске асыруда.

Оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге өтініш білдірген инвесторлар мен кәсіпкерлер жұмысында төрешілдік кідірістер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау болып табылады.

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сүйемелдеуімен жалпы сомасы 750 млрд.теңгеден асатын 66 жоба бар.

Бұл ретте, ағымдағы жылдың І тоқсанында осы жобаға шамамен 45 млрд.теңге инвестициялық портфелі бар облыстың 9 компаниясы қосылды.

Есепті кезеңде Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қол қойылған келісім шеңберінде 6 компания түрлі проблемалық мәселелер бойынша жүгініп, өздерінің заңды шешімін тапты.

Инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойған компаниялардың мәселелері ғана емес, сонымен қатар өз мәселелерін шешуде пәрменді көмек табатын басқа да кәсіпкерлердің мәселелері пысықталып жатқаны да көрнекі болып табылады.

Жоба халықаралық тәжірибеде бірегей және посткеңестік кеңістікте баламасы жоқтығынайта кету керек,

 

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы