Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі
- Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары меншік нысанына қарамастан есепке алуға және тіркеуге жатады.
- Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.
- Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі.
- Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға бөлінген жайылымдар мен басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі.
- Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады.
1) ауру ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған);
2) міндетті ветеринариялық рәсімдерден өтпеген, оның ішінде егу және вакцинациялаудан өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
4) су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
5) бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), сондай-ақ жаю ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді.
7) Ауыл шаруашылығы жануарларын теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа);
8) өзге жолдар болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын асфальт төселген және цементпен бетондалған жолдармен айдап өтуге;
9) қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді.
.3.Ауыл шаруашылығы жануарларын айдауды ұйымдастыру
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны, оның ішінде қойлар мен ешкілер 600-800 басты, ірі қара мал 250 бастан аспайтын мөлшерді, жылқылар 200 бастан аспайтын мөлшерде, түйе 120 бастан аспайтын мөлшерді құрайды.
Мал айдайтын жолдың жалпы алаңы қызмет көрсетілетін барлық аумақтың 4-5%-ынан аспайды.
Бұл жағдайларда мал айдайтын жолдың ені 200-300-ден 1000 метрге дейін және одан да көп алаңды құрайды.
4.Жайылымның жазық жерінде ауыл шаруашылығы жануарларын суару радиусы:
- ірі қара мал үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 4-6 км,
- жылқылар үшін далалық және орманды дала аймақтарында 4-5 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 5-7 км,
- түйелер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 6-7 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 7-8 км, қой мен ешкілер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2,5-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 3-6 км,
- Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суару алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары
|
Ірі қара мал, бас |
Ұсақ мал, бас |
Жылқылар, бас |
Түйелер, бас |
|
150-ге дейін |
500-ге дейін |
100-ге дейін |
100-ге дейі |