2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алудың негізгі шарттары:
кепілдікті ұсынғаннан кейін алдын ала төлем;
ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізгеннен кейін күзгі кезеңде қосымша ақы.
|
№ р/с |
Дақылдардың атауы |
Алдын ала төлем мөлшері, теңге / тонна |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі, тонна |
|
|
ҚҚС төлемейтіндер үшін |
ҚҚС төлеушілер үшін |
|||
|
1 |
Майбұршақ |
89285 |
100 000 |
5 000 |
1) соя жеткізу кезінде - 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін.
1) Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігімен:
с) 2020 жылғы форвардтық сатып алу бойынша өз міндеттемелерін ішінара (алдын ала төлем сомасына көлем) орындаған және тікелей сатып алу бойынша ауыл шаруашылығы өнімін 100 тонна және одан жоғары көлемде жеткізген өнім тапсырушылардан;
Бұл ретте өнім тапсырушы бірлескен қызмет/консорциалдық келісім шарттары бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің басқа субъектілерінің жерлерінде форвардтық сатып алуға қатысқан жағдайда бірлескен қызмет туралы шарттың/ консорциалдық келісімнің барлық тараптарына осы тармақтың A), b), c), d), e) тармақшаларында көрсетілген өнім тапсырушыларға көзделген шарттар қолданылады.
2) банк кепілдігімен:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өнім тапсырушылардан.
1) салықтарды төлеу бойынша берешектің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша берешектің болмауы;
2) қаржы институттары алдында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) оңалту рәсімін қолдану туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімдері бар дәрменсіз борышкерлердің тізімдерінде болмауы, сондай-ақ сомаларды өндіріп алу/міндеттемелерді мәжбүрлеп орындау туралы орындалмаған сот актілерінің болмауы;
4) сот актілерімен және/немесе қылмыстық/азаматтық/әкімшілік істер материалдарымен белгіленген астықтың нақты болуымен қамтамасыз етілмеген астық қолхаттарын Азық-түлік корпорациясының пайдасына беру фактілерінің болмауы;
5) Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен даулы құқықтық қатынастардың болмауы;
6) Азық-түлік келісім шарт корпорациясының ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де талаптарды қамтуға тиіс.
Әлеуетті өнім берушілердің форвардтық сатып алуға қатысуға өтінімдері Азық–түлік келісім шарт корпорациясының интернет-ресурсында (www.fcc.kz) электрондық нысанында қабылданады.
Өтінім нысаны мен қажетті құжаттар тізімін Азық-түлік келісім шарт корпорациясының www.fcc.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Форвардтық сатып алу бойынша қосымша ақпарат алу үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясының орталық аппаратына хабарласуға болады:
8 (7172) 59-12-32 (іш. 2373, 2275), 59-12-75, 59-12-39, 59-12-65.