Құрметті үкіметтік емес сектордың өкілдері!
Сіздерді 27 ақпанда әлемде атап өтілетін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтаймыз. Яғни бұл күн БҰҰ-ның бастамасымен Үкіметтік емес ұйымдарды тану күні болып белгіленді.
Азаматтық қоғамның отандық институттары халықтың белгілі бір топтарының мүдделерін ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның көңіл-күйі мен мүдделерінің көрсеткіші ретінде әрекет етеді.
Үкіметтік емес ұйымдар - қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асырады. Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға барынша жағдай жасалған.
Бұл мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара тығыз байланысы екендігін білдіреді. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қоғамның әртүрлі саласын қамтиды. Жалпы үкіметтік емес ұйымдар айналысатын салалары өте көп. Атап айтар болсақ, олар экология, гендерлік мәселелер, Адам құқығы мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобын қорғау секілді және т.б. шаралармен айналысады. Айта кетсек, Қазақстан базасында бүгінге тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны 22 мыңға жуықтапты. Олардың ішінде белсенділері 14 мыңды құрайды.
ҮЕҰ – адамның өзін –өзі қамту үшін ғана емес, ҮЕҰ-дар адамдарға қолайлы жағдай жасау үшін өте қолайлы. Ол қоғамның қажеттілігін және әлеуметтік мәселелерді көрсетеді.