Меню

Страницы

Статья

"Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкіталдау нәтижелері туралы

"Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкіталдау нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Талғар қаласы                                                                      24 ақпан 2025 жыл

КІРІСПЕ БӨЛІМ

       Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2025 жылғы 20 қантардағы №2 б-н/қ "Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығы негізінде 2025 жылғы 14 ақпан - 21 ақпан аралығында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен бөлімнің 2024 жылғы жұмыс кезеңі қамтылды.

        Бөлім өз қызметін Талғар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 01-29 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.

        Ережеге сәйкес бөлімнің міндеті халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғау саласын дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесудегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

        Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

 

БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

  • Бөлім өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа

алады:

-      Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексі.

-   Қазақстан Республикасының 12.04.2015 жылғы  "Мемлекеттік сатып алу туралы" № 434-V Заңы;

-  Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

-    Қазақстан Республикасының 18.12.1992 жылғы "Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" №1787-ХІІ Заңы;

-     Мүгедектігі  бар  адамды  абилитациялаудың  және  оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығы

          

            - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты

- Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір

мәселелері туралы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу

қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығы.

  • 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 "Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру,

ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ  еңбекші көшіп келушілердің дактофотоесептерін қалыптастыру және жүргізу" қағидалары.

 

2.БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

         2.1. Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы

         2023 жылғы 31 желтоқсандағы штат кестесіне сәйкес бөлімнің жалпы штат саны 7 адамды құрайды. Талдау кезеңінде бөлім бас маманы С.Акишбаева зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан шығарылды және 2024 жылдың 19 маусымнан бастап бөлімнің бас маманы болып С. Е. Кенжибаев және 1 қазаннан бастап Өнер Рауан қабылданды.

        2024 жылы тәртіптік жауапкершілікке басшысының орынбасары Д. Топаева (27.09.2024 ж. №30 б-ж/қ бұйрығы), бас мамандар Д.Утенова (27.09.2024 ж. №29 б-ж/қ бұйрығы), Г. Салимбаева (27.09.2024 ж. №28 б-ж/қ бұйрығы) және С.Свиноренко  (15.03.2024 ж. №9 б-ж/қ бұйрығы) тартылды.

 

                           2.2.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

 

2.2.1. 2025 жылдың 01 қаңтарына Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бас тарту және шағымдар тіркелген жоқ. Бөлім халыққа қажетті қызметтер көрсетуден тұратын мемлекеттік қызметтердің 18 түрін көрсетеді, атап айтқанда мүгедектерге техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу және жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, мүгедек балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу,ақталған адамға куәлік беру, тұрғын үй көмегін тағайындау, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру, еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу.

         2024 жылы бөлім арқылы 16297 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметті алудан бас тарту, қызметкерлердің сапасына қатысты шағымдар болған жоқ. Сондай-ақ қажетті мемлекеттік қызметті алу үшін Интернетке шығуға арналған компьютермен жабдықталған "Халыққа мемлекеттік қызметтердің электрондық өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы" бар. Стандартқа сәйкес қызметтер қағаз және (немесе) электрондық түрде көрсетіледі. Қосымша құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.

         2.2.2.Дискрециялық мерзімдер мен өкілеттіктердің, әкімшілік кедергілердің болуы табылған жоқ.

         2.2.3.Мемлекеттік қызмет көрсету Стандартпен бекітілген ережелерге сәйкес келеді.

         3.Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         2024жылғы5-9ақпанаралығындаАӘКтағайындаудыңнегізділігінтексеруүшінмониторингжүргізілді,оныңбарысындабірқатарбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда,АӘКтағайындауқағидатынбұзуға, жұмысқаорналастыру бойынша тікелейміндеттердіорындамауға жол берілді,жәрдемақымемлекеттіңқосымшақолдауынқажететпейтінгүлденгенотбасыларғатағайындалды.

         АӘКнегізгімақсаты-Ақшалайтөлемдертүріндегіқолдаудыжүзеге асыру жәнеотбасының еңбекке қабілеттімүшелерін жұмыспен қамтуғажәрдемдесудіңбелсендішараларынатартуарқылыотбасылардыөмірлікқиын жағдайдан шығару болып табылады.

         АӘКалуғаҚазақстаназаматтары,қандастар,босқындар,шетелдіктер,елдетұратынжәне жан басына шаққандағы орташа табысыкедейлік шегінен аспайтыназаматтығыжоқадамдарқұқылы.

          Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% ретінде анықталады.

          Өзкезегіндеучаскеліккомиссияларатаулыәлеуметтіккөмеккежүгінгенадамдардың(отбасылардың)материалдықжағдайытуралықорытындыдайындайды.

          Анықтама: учаскелік комиссия-АӘК-ке жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.

        Алайда,талдаукөрсеткендей, учаскеліккомиссиялардыңқызметі сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріменұштасады,өйткенітексерудіңбарлықпроцесіаудиожәнебейнежазбаны тіркеусіз жүргізіледі.

         МұндайтәжірибеАӘКзаңсызтағайындаутүріндезаңсызәрекеттергеәкелуімүмкін,бұлфактілерменрасталады.

         Бұзушылықтардың ең көпсаныҚайнар ауылдық округінде(13іс)жәнеТалғар қаласында (10іс) анықталды.

         Мониторинг қорытындысы бойынша барлық анықталған бұзушылықтар жойылды, бұзушылықтарға жол берген мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

        4.Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

       Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына ("Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығы) сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар ҚР Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлейді (еңбекші көшіп келушілер- резиденттер ЖТС бойынша АЕК мөлшерінің 4 еселенген мөлшерінде, резидент емес иммигранттар жұмыстарды орындаудың әрбір айы үшін 2 еселенген АЕК мөлшерінде алдын ала төлем жүргізеді. Егер олар Қазақстан Республикасында кемінде күнтізбелік жүз сексен үш күн болса, көшіп келушілер резидент болып табылады).

         Көшіп келушінің резиденттігін белгілеу және алдын ала төлемді төлеу мөлшерін айқындау мақсатында көрсетілетін қызметті беруші (бөлім) ҚР аумағындағы көшіп келушінің уақытын есептеуді, оның қолма – қол болуын қамтамасыз етуі қажет, бұл өз кезегінде төлемді артық төлеуге/толық төлемеуге, көрсетілетін қызметті алушының құқықтарына нұқсан келтіруге және теріс салдарға әкелуі мүмкін (база Мемлекеттік кірістер органдарының және басқа да мүдделі тұлғалардың тиісті жүйесімен интеграцияланбаған), бұл мүдделер қақтығысы мен көрсетуге әкелуі мүмкін.

         Ұсыныстар:

         Қызмет көрсету кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау, сондай-ақ оның жұмысын оңайлату мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне "ШЖК" ААЖ жүйесін жетілдіру және оның мемлекеттік органдардың тиісті жүйелерімен базалардың интеграциясын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс енгізу.

          Сондай-ақ, еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына ("Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығын) сәйкес рұқсатты беру немесе ұзарту не беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды өтініш берілген күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Алайда, "ШЖК" ААЖ жұмысының төмен жылдамдығымен және өтініш берушілердің үлкен ағынымен мүдделер қақтығысына және Қызметті уақтылы көрсетпеуге әкеп соғуы мүмкін қызметті уақтылы көрсетпеу қаупі туындайды.              

          Ұсыныс: Қызметті уақтылы көрсетпеу мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің атына өтініш берілген күнді есептемегенде рұқсатты беру немесе ұзарту не беруден бас тарту немесе ұзарту туралы шешімді қарау мерзімін 2 (екі) жұмыс күнінен 5-ке дейін ұзарту туралы ұсыныс енгізілсін.

         5.Бақылау функцияларын іске асыру

         2024 жылы 26-29 тамыз  аралығында Алматы облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті"Қазақстан Республикасында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізді.

         6.Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

         6.1. ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» талаптарын бұзу фактілерін талдау барысында осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады. Бөлімде жеке және заңды тұлғаларды тіркеуді есепке алу журналы бар. 2024 жылы барлығы – 175 өтініш түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан - 8, жеке тұлғалардан – 167.

         Талдау көрсеткендей, бөлім қызметкерлері өтінішті қарау кезінде заңдылық, өтініштерге қойылатын талаптардың бірлігі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау кепілдіктері, өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен сөзбұйдаға жол бермеу, жеке және заңды тұлғалардың теңдігі, субъектілер мен лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы сияқты қағидаттарды пайдаланады.

 

                                     ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

        Жоғарыда айтылғандарды ескере келе "Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не ұсынылды:

        Мүдделер қақтығысын болдырмау және еңбекші көшіп келушілерге

рұқсатберужөніндегімемлекеттікқызметтіуақтылыкөрсету,сондай-ақ оныңжұмысыноңайлатуүшінҚРЕңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрлігіне"ШЖК"ААЖжүйесінжетілдіружәне оның мемлекеттікоргандардыңтиістіжүйелеріменбазалардыңинтеграциялануынқамтамасызетужөніндеұсынысенгізу.

         Сондай-ақ өтініш берілген күнді есептемегенде рұқсатты беру немесе ұзарту не беруден бас тарту немесе ұзарту туралы шешімді қарау мерзімін 2 (екі) жұмыс күнінен 5-ке дейін ұзарту туралы ұсыныс енгізілсін.

 

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

ТАЖҚжӘБ бөлімі басшысының                                                        Д. Топаева

орынбасары

 

ТАЖҚжӘБ бөлімінің бас маманы                                                 С.Свиноренко

 

ТАЖҚжӘБ бөлімінің бас маманы                                                 Г. Салимбаева

 

ТАЖҚжӘБ бөлімінің бас маманы                                                        Р.Өнер

 

Дата публикации
17 апреля 2025
Дата обновления
17 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы