ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы облысы, Талғар ауданының әкімдігі «Алматы облысы Талғар ауданында 2024–2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы» Талғар аудандық мәслихаты шешімінің жобасын көпшілік талқылауға шығарғанын хабарлайды.
Аталған жоба Талғар ауданы аумағында коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, экологиялық жағдайды жақсарту және елді мекендердің санитариялық жай-күйін арттыру мақсатында әзірленген. Бағдарлама коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму жұмыстарын қазіргі заманғы экологиялық және санитариялық талаптарға сай жүргізуді көздейді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, шешім жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылады. Барлық мүдделі тұлғалар төмендегі сілтеме арқылы жобаның толық мәтінімен таныса алады:
🔗 https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15511492
Талғар ауданының әкімдігі аудан тұрғындарын, қоғамдық ұйым өкілдерін, бизнес субъектілерін және мәселеге бейжай қарамайтын азаматтарды жобаны талқылауға белсенді қатысуға шақырады.
Ұсыныстар мен ескертулерді белгіленген тәртіппен жолдауға болады.