Меню

Страницы

Статья

Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету

       

    Абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету Қағидаларына сәйкес, мүгедектердi қол-арбалармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігіне сай, оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш негiзiнде жүзеге асырылады.

       Жұмыс берушінің кiнәсiнен еңбек жарақатын алған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер қол-арбамен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебiнен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қамтамасыз етіледi. Егер жұмыс беруші-жеке кәсіпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, мүгедектерге қол-арба мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен беріледi.

        Мүгедектер ОЖБ-ға сәйкес осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес медициналық-әлеуметтік көрсеткіштерге және арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге қарсы көрсетілімдерге сәйкес бір мезгілде бөлме және серуендеу қол-арбасымен немесе бір әмбебап қол-арбамен қамтамасыз етіледі.

  Арнаулы жүріп-тұру құралдары ОЖБ іс-шарасын іске асыру мерзіміне берілген өтінішке сәйкес қамтамасыз етіледі.

     Бөлмелік қол-арбалар 7 жылдан ерте, серуендеуге арналған қол-арбалар 4 жылдан ерте, әмбебап қол-арбалар оларды алған күннен бастап 5 жылдан ерте ауыстырылмайды.

"Мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге арналған құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға, әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 97/1 үй) өтінішпен және мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.

Ағымдағы жылдың 5 айында Талғар ауданында арнаулы жүріп-тұру құралдарына 92 адам өтініш жазып, оның 78-і қамтамасыз етілді.

Дата публикации
24 мая 2024
Дата обновления
24 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы