Меню

Страницы

Статья

Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету

Абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету Қағидаларына сәйкес, протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың  өтініші мен медициналық - әлеуметтік көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік бөлігі негізінде жүзеге асырылады.

Протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар берілген өтінішке сәйкес ОЖБ-ны іске асыру мерзіміне ұсынылады.

Өтініш беруші немесе олардың заңды өкілдері, не олардан протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат алған адамдар, тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Талғар қаласы, Қонаев көшесі 97/1 үй) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігіне сәйкес оңалту құралдарына өтініш береді.

Протездеуге арналған жол жүруге, өнім берушінің медициналық стационарына емдеуге жатқызуға, протездеуге байланысты шығындарды өнім беруші мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлейді.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тауарларды және көрсетілетін қызметтерді Портал арқылы сатып алған кезде мүгедектігі бар адамның жергілікті атқарушы органдарға олардың құнын өтетуге, бірақ кепілдік берілген сома мөлшерінен асырмай өтетуге құқығы бар. Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген соманың және сатып алынған тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырманы меншікті қаражаты есебінен өз бетінше төлейді.

Ағымдағы жылдың 5 айында Талғар ауданында 456 адам протездік-ортопедиялық көмекке жүгініп, оның 185-і қамтамасыз етілді.

Дата публикации
24 мая 2024
Дата обновления
24 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы