2024 жылдың 25 сәуірінде Талғар ауданының жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету заңына сәйкес 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына талқылау жүргізілді.
Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасы жер кодексінің 14-1 бабының 3 тармағына сәйкес әкімдіктің уәкілетті орган ретінде құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» бойынша 6286 мемлекеттік қызметі көрсетілді. Оның ішінде: 3604 – жерге орналастыру жобасы бекітілді; 2405 – жобаға бекітуден бас тартылды; 276 – өтінішпен қараусыз қалдырылды.