Меню

Страницы

Статья

Үкіметтік емес ұйымдар басшыларының назарына!

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі басталды. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін ұсынылады.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлықақы алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. ҮЕҰ дерекқорында болу ұйымдарға ҮЕҰ-ның табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен әріптестікті жолға қоюға мүмкіндік береді.
Мәліметтер үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес ұсынылады.
Сіз өзіңіздің ұйымыңыздың қызметі туралы ақпаратты келесі әдістердің бірімен жібере аласыз:
1) ҮЕҰ Дерекқорының интернет-порталы арқылы https://infonpo.gov.kz / (интернет-порталда авторизациялау ХҚКО-дан алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады);
2) уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 "Министрліктер Үйі", 15-кіреберіс).
ҮЕҰ Дерекқорының интернет-порталына кірген кезде https://infonpo.gov.kz / сіз порталмен жұмыс істеу бойынша қадамдық алгоритм берілген нұсқаулықпен таныса аласыз.
ҮЕҰ Дерекқорына анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынбағаны, уақтылы ұсынбағаны және ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
 
"Талғар ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ
Дата публикации
26 февраля 2024
Дата обновления
26 февраля 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы