Меню

Страницы

Статья

Талғар ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бабы

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша Талғар ауданының әкімдігімен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Аудан әкімінің аппарат басшысы төрағалығымен мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Талғар ауданы аумағында «Жемқорлық қоғам дерті», «Сыбайлас жемқорлықтың салдары», «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес-баршаға ортақ ақыл», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыптарында 5 дөңгелек үстел өткізілді.

Сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 78 тікелей эфир түсірілді және де 56 ауқымды іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде 25-і әлеуметтік тапсырыс арқылы. Аталған іс-шаралар барысында «Жетісу адалдық алаңы» жобасы негізінде тұрғындар мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру акциясы өткізілді. Нәтижесінде аудан аумағында 25 дана баннер орнатылып, 4 бейнеролик жарияланып, 1100 дана  ақпараттық материалдар таратылды. Талғар ауданы әкімдігінде сенім телефондары тұрақты жұмыс істейді. Әкімдік ғимаратында «Еститін мемлекет» концепциясын жүзеге асыратын Сервистік әкімдік қызмет көрсетеді. 2023 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізуінің жаңа форматы аясында жоспарға сәйкес, 11 кездесу өткізілді.

Талғар қаласы және ауылдық округ әкімдерімен 47 кездесу өткізілді. Кездесулер барысында ауданның елді-мекендеріндегі бірқатар өзекті мәселер көтерілді.Алдағы уақытта тұрғындармен тұрақты байланыс орната отырып, барлық көтерілген мәселелер жоспарлы түрде шешімін табатын болады. Талғар ауданы әкімдігінің құрылымын – әкім аппараты, 7-салалық бөлім, 10-ауылдық округ әкімдігі және Талғар қаласы әкімдігі құрайды. Аудандық бөлімдер басшылары, ауылдық округтер мен Талғар қаласы әкімі аппараттары және 4 квазимемлекеттік сектор (Талғар су, Талғар жылу, Тұрғын үй, Талғар ауданының мәдениет үйі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарларын бекітіп, жоспарға сәйкес талдау қорытындылары бойынша талдамалық есеп әзірленіп ішкі талдау жүргізілді. Қорытындыға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және мемлекеттік сатып алуларға ерекше назар аударылады. Атап айтсақ аудан әкімдігі мен құрылымдық бөлімдері, Талғар қаласы әкімдігі және ауылдық округ әкімдіктері көрсететін мемлкеттік қызметтің  жалпы саны 66 құрайды. Мемлекеттік қызметтің басым бөлігі жер қатынастары, сәулет-құрылыс, әлеуметтік, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларын қамтиды. Осы ретте, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және барынша ашықтықты қалыптастыру мақсатында негізгі шешімдер жан-жақты талқыланып, комиссия отырыстарында қабылданады. Атап айтсақ, аудан аумағында мемлекеттік қызметтерді көрсету және мемлекеттік сатып алуларды өткізу бойынша  комиссия құрамы маслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері комиссияның тұрақты мүшелері ретінде бекітілген. Сонымен қатар, тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссия тұрақты түрде өткізіліп, хаттама толтырылып комиссияның ұсынымдары мен шешімдері енгізіледі. Барлық хаттамалар белгіленген мерзімде орындалады.

Дата публикации
17 января 2024
Дата обновления
17 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы