2023 жылы Алматы облысы бойынша 4882 мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындалған.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.
Аталған жәрдемақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 43 407 теңгеге ұлғаюына байланысты 7% ға өсті.
Биылғы артқан жәрдемақы мөлшері мынадай:
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға да мемлекет ай сайын әлеуметтік жәрдемақымен қамтиды. Оларға берілетін жәрдемақы мөлшері санатына қарай мынадай:
Оларға 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейіне тең 69 885 теңге жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ I топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға, онымен туыстық байланысына қарамастан жәрдемақы тағайындалады. Оның мөлшері 69 885 теңгені құрайды.
Айдосқызы Мөлдір «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша бойынша PR- менеджері