Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік- аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 11 тармағына сәйкес, 2019 жылы ақпан айының 01 күні сағ.11.00-де Гүлдала ауылының № 21 орта мектептің мәдени іс-шара өтетін залында және 2019 жылы ақпан айының 01 күні сағ.15.00 Кіші Байсерке ауылындағы № 40 орта мектептің мәдени іс-шара өтетін залында жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиыны өтті. Күн тәртібінде Гүлдала және Кіші Байсерке ауылдарындағы жаңа көшелерге атау беру мәселесі қаралды. Жиналыс соңында төмендегідей шешім қабылданды:
1.Гүлдала ауылындағы жаңа көшелерге төмендегі атаулар берілсін: Шыңғыстау, Ұлытау, Қаратау, Қызғалдақ, Ақбұлақ, Балауса, Балдырған, Бірлік, Шапағат, Мұхит, Мұзарт, Мәртөбе, Ақсай, Жусан, Қанағат, Ақсу, Береке, Самал, Көктем, Байтақ, Кемер, Арна, Қарақат, Жігер, Ақбидай, Бөген.
2.Кіші Байсерке ауылындағы жаңа көшелерге төмендегі атаулар берілсін: Жиделі, Ертіс, Ұялы, Баянды, Көкжар, Ырысты, Жолашар, Аманат, Миялы, Қарашоқы, Үшқара, Ақтерек, Кербез, Күншуақ, Арал, Отырар, Ұлы Дала, Жерұйық, Тараз, Тарбағатай, Шалғын, Ойыл, Медеу, Хантау, Арлан, Алтынемел, Бурабай, Жетісу, Нұрлы жол, Талды, Серуен, Жайық, Сабыр, Мерген, Шаттық, Сарыжаз, Достық, Тұлпар ,Өркен.
М. Маханбеткали
Гүлдала ауылдық округінің әкімі.