ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 Қаулысымен бекітілген әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру Қағидаларының 8 тармағының 1, 2 тармақшаларына сәйкес, Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысы өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз.
Күн тәртібі:
1.Гүлдала ауылындағы жаңа көшелерге атау беру.
Өткізілетін күні: 2019 жылдың 01 ақпан күні, сағат 11-00-де.
Өткізілетін орыны:№ 21 орта мектептің мәдени іс шара өтетін залы.
2.Кіші Байсерке ауылындағы жаңа көшелерге атау беру.
Өткізілетін күні: 2019 жылдың 01 ақпан күні, сағат 15-00-де.
Өткізілетін орыны:№ 40 орта мектептің мәдени іс шара өтетін залы.
М.Маханбеткали
Гүлдала ауылдық округінің әкімі