Бюджет
Жалпы бюджетке 49,1 млрд.теңге салықтық түсімдер жиналып, жоспар 104,6 % орындалған. Оның ішінде:
Республикалық бюджетке 23,4 млрд.теңге түсті, жоспар 82,2% орындалды.
Жергілікті бюджетке 25,6 млрд.теңге түсімдер жиналған (жоспар 139,4%).
оның ішінде:
-аудандық бюджетке -7,6 млрд.теңге түсіп, болжам 113,0 %-ға орындалған.
-ауылдық бюджетке 3,1 млрд. теңге түсіп, болжам 141,1 %-ға орындалған.
Жалпы берешек көлемі ("TEX ALLIANCE" ЖШС-ны есепке алғанда) жыл басымен салыстырғанда 41,4 млрд. теңгеге азайтып, 155,7 млрд. теңгені құрады (01.01.2023 ж. – 197,1 млрд. тенге), өткен жыл деңгейімен салыстырғанда 16,8 есеге өскен (2022 ж. 01.10.- 926,5 млн.теңге).
Берешек көлемі ("TEX ALLIANCE" ЖШС-ны есепке алмағанда) 824,5 млн. теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда 313,2 млн.теңгеге немесе 20,5 % азайған (01.01.2023 ж. – 1037,9 млн. тенге).
Бюджет шығындарының көлемі 12,2 млрд. теңгеге жетіп, жоспар 98,0 %-ға орындалған.
Ауылшаруашылығы
Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жиынтық көлемі 43,7 млрд.теңгені құрады. Өткен жыл деңгейімен салыстырғанда 4,3 % өсіп отыр. Нақты көлем индексі - 100,4 %.
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылға бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес, егіс алқабы 33658 га гектарды қамтыды. Оның: 15236 га дәндік-дақылдар, 4500 га майлық дақылдар, 2900 га картоп, 2820 га көкөніс, 220 га бақша дақылдары және 7982 га жем-азықтық дақылдар. Былтырғы жылмен салыстырғанда 360 га көбейіп, жоспарланған алаң 100 % орындалды.
Бүгінгі күнге дәндік жүгері, майбұршақтан басқа барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының күзгі-жиын терін жұмыстары аяқталды.
9500 га дәнді масақты дақылдар алқабынан 16800 тонна өнім алынып, гектарына орташа өнімділігі 17,7 центнерден айналуда.
1700 га майлық дақылдар алқабынан 3500 тонна өнім алынып, гектарына орташа өнімділігі 20,6 центнерден айналуда.
92735 тонна көкөніс, 4200 тонна бақша дақылдары, 56250 тонна картоп жиналып, жоспарға сәйкес 100 % орындалды.
Ағымдағы жылы есепте тұрған мал басын, мал қыстату науқанына жем-шөппен толығымен қамтамасыз ету мақсатында, ауданда 81600 тонна шөп, 28200 тонна пішендеме, 14900 тонна сабан, 49700 тонна сүрлем дайындалып, жоспар 100 % орындалды.
Жоспарға сәйкес орындалуға тиіс 17100 тонна жем-азықтық дақылдардың бүгінгі күнге 13200 тоннасы дайындалды немесе 77,2 % құрайды. Дәндік жүгері ору науқаны аяқталғанда толығымен 100 % орындалады.
Күздік дәндік дақылдар егу жоспарына сәйкес 12500 га алқапқа толығымен сүдігер жыртылып, 2024 жылдың өніміне жоспарланған 4000 га күздік дәндік дақылдардың 1970 га егілді немесе 49,2 % құрайды.
Жалпы алаңы 2814 га құрайтын жеміс-жидек алқабынан 21403 тонна өнім алынып, былтырғы жыл деңгейіне 101,2 % орындалды. Ағымдағы жылы 11,3 га алқапқа жеміс-жидек көшеттері отырғызылды (о.і. 2,3 га алқабы тамшылатып суару әдісімен).
Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 401,1 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бүгінгі күнге игерілгені 233,3 тонна немесе 58,2 %.
2023 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары өз қаражаты есебінен 170,4 млн.теңгеге 8 бірлік жаңа техника сатып алды.
Жылыжай
7,5 га алқапты құрайтын 14 жылыжай шаруашылығы жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге 1100 тонна өнім алынды, былтырғы жылмен салыстырғанда 115 тоннаға өскен.
Қоймалар
Сиымдылығы 13,8 мың тонналық көкөніс-жеміс және картоп сақтайтын 14 қойма жұмыс жасауда. Барлық қоймалар өнімдерді сақтауға толығымен дайын.
Жәрмеңке
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Алматы қаласында өткізілген Алматы облысы бойынша «Алма фестиваль» іс-шараларына ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары қатысып, құны 3,6 млн.теңгені құрайтын 8,0 тонна алма сорттарымен қамтамасыз етті.
Осы жылдың 15-16 қыркүйегінде Алматы қаласында өткізілген Алматы облысы бойынша «Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі» іс-шараларына ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары қатысып, 5,0 млн.теңгеге 2,5 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін сатылды.
23-24 қыркүйегінде Астана қаласында өткізілген Алматы облысы бойынша «Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі» іс-шараларына ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары қатысып, 5,0 млн.теңгеге 10 тонна алма сатылған.
Мал шаруашылығы
9812 тонна ет (560 тоннаға артық), 52937 тонна сүт (835 тоннаға артық), 21924 мың дана жұмыртқа (3556 мың данаға кем) өндірілді.
2022 жылмен салыстырғанда : Ірі қара мал 936 басқа, жылқы 524 басқа, түйе 10 басқа, құс 24821 басқа өсті. Шошқа 2229 басқа, қой мен ешкі 4246 басқа кеміген.
Инвестициялық жобалар
Жалпы құны 21,7 млрд.теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 3 жоба 3,2 млрд.теңгеге іске қосылуда:
Қалған 3 жобамен жұмыстар жалғасуда:
Жайлымдық жерлер
Аудан тұрғындары 7240 га жайылымдық жерлермен қамтамасыз етілді (оның 6400 га - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен келісілген меморандумдар, 200 га - Іле-Алатау ұлттық паркі аумағынан бөлінген жерлер, 640 га - аудандық жер комиссиясы ауылдық округтерге бөлген жайылымдық жерлер).
Жазғы маусымда ауданның 14 ауыл шаруашылығы құрылымдары (1891 бас ірі қара, 24949 бас ұсақ мүйізді мал, 1996 бас жылқы) Іле-Алтау, Шелек және Жоңғар-Алатау ұлттық саябақтарының аумақтарына «Орман билеті» арқылы, біржылдық жайылымға шықты. Бұл табиғи саябақтармен «Өзара ынтымақтастық туралы» меморандумдар жасалынды.
Тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобасы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 27 жобаның (о.і. мал шаруашылығы – 12 жоба, басқалары – 15 жоба) құжаттары әзірленіп, «Қонаев» ӘКК» АҚ өткізілді. Қосымша 15 жоба құжаттары әзірленуде. Жобалардың жалпы құны – 350 млн.теңгені құрайды.
Пайдаланылмай жатқан жерлер
Жерлерді түгендеу қорытындысы негізінде пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары бойынша жалпы көлемі 33679 га 142 жер телімі анықталды. Бүгінгі күнге оның 19504,30 га 23 жер телімі қайта игеруге кірісті.
Жалпы көлемі 10567 га 73 жер учаскесі жеке меншік. Көлемі 2335 га 29 жер теліміннің пайдаланылмай жатқандығы туралы мониторинг жұмысының қортындысы Алматы облысы Жер ресурстарын басқару депортаментіне бекітілген ережеге сай тапсырылды.
Уақытша пайдаланудағы - 6232 га 42 жер учаскесі бойынша - жалдау шартын бұзу туралы сотқа дейінгі хабарлама жіберілді, сотқа талап арыз жолданды.
Бүгінгі күнге аудан қорына 1030 га пайдаланылмай жатқан жер телімдері қайтарылды. Оның ішінде: .өз еркімен 472 га, сот шешімі арқылы 558 га. Бұл жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп орындарымен өндірген өнім көлемі 64,5 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі – 103,0 % құрады.
8 жаңа өндіріс орындары ашылды, 139 адам жұмыспен қамтылды, 491,0 млн. теңге инвестиция тартылған:
- Кендала ауылында "Сайран" ЖК металл-пластик бұйымдарын құрастыру және орнату бойынша цехы, өндірістік қуаттылығы жылына 240 пластикалық терезе және 10,0 млн теңге, инвестиция көлемі 3,0 млн теңге, 3 жұмыс орны;
- Алмалық ауылында "Нұрхан" ЖК нан-тоқаш өнімдерін өндіру цехы, өндірістік қуаттылығы - жылына 420 мың дана нан-тоқаш өнімдерін өндіру немесе 21,0 млн. теңге, инвестиция көлемі 30,0 млн. теңге, 30 жұмыс орны;
- Жалғамыс ауылында «Жүнісбаев Е.» ЖК нан өнімдері мен жартылай фабрикаттар шығаратын цехы, жылына 150 мың дана нан өнімдері мен жартылай фабрикаттарды өндіру немесе 21,0 млн.теңге, инвестиция көлемі - 12,0 млн.теңге, 8 жұмыс орны;
- Қызыл Қайрат ауылында «Юсупов» ЖК жихаз шығаратын цех, жылына 56 дана жихаз өнімдері немесе 12,0 млн.теңге, инвестиция көлемі - 50,0 млн.теңге, 8 жұмыс орны;
- Талғар қаласында «DENIZ PLAST» ЖШC пластикалық өнімдер шығаратын зауыт, жылына 1200 тонна пластик өнімдері немесе 2,0 млрд.теңге, инвестиция көлемі - 300,0 млн.теңге, 50 жұмыс орны;
- Жаңа Қуат ауылында Рыжкова ЖК нан өнімдерін шығаратын цех, өндірістік қуаты - 40 мың нан өнімдері, инвестиция көлемі - 8,0 млн.теңге, 5 жұмыс орны;
- Тұздыбастауда «Стандарт бетон» ЖШС-нің бетон шығаратын цех, өндіріс қуаттылығы - жылына 40 мың текше метр бетон бұйымдары, инвестиция көлемі - 53,0 млн.теңге, 20 жұмыс орны;
- Тұздыбастауда «Кәусар» ЖК тігін цехы, өндірістік қуаттылығы - 620 бірлік тоқыма бұйымдары, инвестиция көлемі - 35,0 млн.теңге, 15 жұмыс орны.
Шағын және орта бизнес
Шағын және орта бизнес саласындағы белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 20935, оларда 37 мың адам жұмыспен қамтылған.
226,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, салық түсімдер – 28,5 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы бюджеттік түсімдердің 58,0%.
Жыл басынан бері 33 шағын және орта бизнес нысаны ашылды (1 мейрамхана, 6 дүкен және "BIG market" сауда павильоны, монша, көлікжуу т.б.), 283 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, тартылған инвестициялардың жалпы көлемі – 1593,6 млн.теңгені құрады.
Тауар айналымы
Бөлшек тауар айналымының көлемі 118,3 млрд. теңге, НҚИ-166,7%. 9 айдың қорытындысы бойынша жылдық жоспар 103,1% орындалды ( жоспар 114,7 млрд. теңге, НҚИ- 100,0%).
«Қайрат» индустриялық аймағы 2011 жылы құрылған. Жер телімінің ауданы –198,3 га. Жобаларға 123,56 гектар бөлінген. ИКИ ауданы 27,9 га.
Инженерлік байланыс:
сыртқы газбен жабдықтау бойынша: құрылыс-монтаж жұмыстары – 100%, іске қосу актісін дайындау жұмыстары жүргізілуде.
кәріз бойынша: құрылыс-монтаж жұмыстары 100% орындалды, желілерді сынау және ақаулы ескертулерді жою жұмыстары жүргізілуде.
сумен жабдықтау үшін: пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды.
электрмен жабдықтау үшін: іске қосу актісіне қол қойылды.
теміржол жолдарында: Іске қосу актісіне қол қойылды және БТИ органдарында нысанның техникалық төлқұжатын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда жоспарланған 11 жобаның 4-уі іске асырылуда
- Энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдарын өндіретін Техно Николь - Орталық Азия ЖШС. Инвестиция көлемі 43 млрд теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде;
- Шойын және болат бұйымдарын шығаратын «SAFA INDUSTRIAL» зауыты. Инвестиция көлемі – 40,0 млн.теңге. (жобаны кеңейту үшін 1 млрд 300 млн теңге инвестициялау жоспарлануда) бірінші кезең пайдалануға берілді;
- Болат сым шығаратын «QazMetProduct» зауыт құрылысы. Жоба кезең-кезеңімен әзірленді. Инвестиция көлемі 228 млн теңгені құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 1 - 2 кезеңдерде жүргізілуде. Қалған кезеңдер бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде;
- Тау-кен техникасына арналған сауыттарды өндіру және сату цехының құрылысы «SUNLONG» ЖШС. Инвестиция – 600,0 млн.теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Қалған 7 жоба бойынша 35,4 млрд. теңгеге жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде:
- «Алкон-А» ЖШС - газ блоктарын шығаратын зауыт;
- «ICF-ATABLOCK» ЖШС - тұрақты қалып пен көбік және полистиролдан жасалған өнімдерді шығаратын зауыт;
- «Аравт» ЖШС контейнерлік порты» - контейнерлік логистикалық терминал;
- «Алина Групп» ЖШС - құрғақ құрылыс қоспалар зауыты;
- «ИнтерТехСтрой» ЖШС - темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты;
- «SKYMAX TECHNOLOGIES» ЖШС - темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты;
- «Meister company» ЖШС - құрғақ құрылыс қоспалар зауыты.
Инвестиция
Негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 64,4 млрд.теңге құрады, нақты көлем индексі – 102,0 %. Инвестицияның негізгі көлемі 56,3 млрд. теңгесі (87,4%) кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен.
Аудан көлемінде келесі жобалар жүзеге асырылуда:
- 15,0 млрд.тенге Корпорация «ТехноНИКОЛЬ - Центральная Азия»,
- 228,0 млн.тенге «QazMetProduct» ЖШС.
Құрылыс жұмыстары, тұрғын үй
Құрылыс жұмыстарының көлемі 17,1 млрд.теңгені құрап, нақты индекс көлемі -63,5%.
206,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген, өткен жылмен салыстырғанда – 88,6 %.
Учаскелік полиция пункттері бойынша
Талғар ауданы бойынша «Қызметтік тұрғын үймен біріктірілген участкелік полиция пункттері» бойынша Бесағаш, Нұра және Қызыл Қайрат ауылдарында ғимараттардың құрылыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме - «Азамат Құрылыс».
Жалпы 3 УПП-ның құрылыс жұмыстарына 315 млн. теңге бөлінген, оның ішінде: Нұра а. - 76,5 млн.теңге, Қызыл қайрат а. – 99,2 млн.теңге, Бесағаш а. – 139,3 млн.теңге.
Коммуналдық шаруашылық саласы
Су жүйесі
48 елді мекеннің 45-де су жүйесі орталықтандырылған, қамту деңгейі – 93,7%. Орман, Жанаарна, Қайрат ауылдары орталықтандырылмаған.
2022 жылдан бастап 75 шақырымды құрайтын 15,2 мың адамды таза сумен қамтамасыз ететін Талғар топтық су құбырының 2 және 5 кешендері бойынша жұмыстар жүргізілуде:
1.Бірлік, Талдыбұлақ, Алтын-Дан, Шымбұлақ ауылдарын және "Березка" саяжайын Талғар топтық су құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде. Желілер ұзындығы-54,1 км. Жоба құны - 2 млрд. теңге. Мердігер – «Мелиоратор» ЖШС. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың қараша айы.
2.Алмалық, Амангелді, Байбұлақ ауылдарын Талғар топтық суағарына қосу жұмыстары жүргізілуде. Желілердің ұзындығы - 20,5 км. Жоба құны-588,0 млн теңге. Мердігер – «Мелиоратор» ЖШС. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың қараша айы.
Селден қорғау бөгетінен Талғар қаласының №2 алаңына дейін магистральдық су құбырын реконструкциялау және салу. Желілердің ұзындығы - 20 км. Жоба құны-3,0 млрд теңге. Мердігерлік ұйымы "Толағай 2050" ЖШС. Аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы.
Газдандыру
Аудандағы 48 елді мекеннің 32-не газ жүргізілген, немесе 66,7 %.
16 елді мекен газбен қамтылмаған (Достық, Еламан, Жанаарна, Жаналык, Коктал, Қайнар, Даулет, Сактан, Кіші Байсерке, Каменское плато, Төңкеріс, Нұра, Туғанбай, Қаратоған, Өстемір, Қайрат).
11 ауылдық елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде ( Жаңалық, Қайнар, Дәулет, Қызыл ту, Арқабай, Төңкеріс, Кіші Байсерке, Нұра, Өстемір, Туғанбай, Еламан ).
5 ауылдың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу қажет (Достық, Сақтан, Каменское плато, Қаратоған, Қайрат ).
4 елді мекенде, Еламан, Көктал, Қайнар, Арқабай ауылында газдандыру жұмыстары жүргізілуде:
1.Еламан ауылындағы газ құбырын жеткізу және газ тарату желілерін салу,мердігер – «Almaty Production Construction & Invest» ЖШС. Тапсырыс беруші – Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. Келісімшарт 2022 жылдың 19 мамырында жасалған. Жұмыстың құны 147,7 млн теңгені құрайды;
3.Қайнар ауылында газ құбырының және газ тарату желілерінің құрылысы, мердігер «ТеплоЭнергоСтрой» ЖШС. Тапсырыс беруші – Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. Келісімшарт 2022 жылдың 29 шілдесінде жасалған. Жұмыстың құны 112,8 млн теңгені құрайды;
Осы жылдың аяғына дейін 3 ауыл (Еламан, Көктал, Қайнар) газ жүйесіне қосылып, нәтижесінде газдандыру деңгейін 66,7 пайыздан дан 72,9 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Осыған қоса Жаңалық, Дәулет және Төңкеріс ауылдарын жеке инвестор есебінен газдандыру мәселесі Алматы облысының энергетика басқармасымен қарастырылып, құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында «Региональное Газовое Обслуживание» ЖШС-мен меморандумға отырды. Осы ауылдардың газға ұосу құны 350,0 мың теңгені құрайды.
Электр желісі
Аудан аумағында жалпы 1968 ТП және 1930 шақырым электрмен жабдықтау желілері бар(10 кВ желілері -1 148,9 шақырым, 0,4 кВ желілері - 781,1 шақырым):
- Талғар ЭТА теңгерімінде 556 ТП және 1562,7 шақырым электр беру желілері. (10кВ-799,3 км., 0,4 кВ-763,4 км.)
- Коммуналдық меншікте 66 ТП және 231,4 шақырым электр беру желілері. (ӘЖ-10кВ-76,5 км., ӘЖ-0,4 кВ - 154,9 км.)
- Жеке меншікте 1346 ТП және 367,3 км. электр беру желілері бар(10 кВ – 273,1 км, 0,4 кВ - 94,2 км).
Ағымдағы жылы Талғар қаласының Әуэзов ықшам ауданының электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды. Мердігер мекеме «Кернеу-К» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының құны – 188,4 млн. теңге. Жалпы жобамен 4 трансформаторлық қосалқы станция орнату және 10,4 шақырым электр желілерін орнату қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың желтоқсан айына аяқтау жоспарланып отыр.
Блокты-модульды қазандық
Ауданда 252 көпқабатты тұрғын үй бар, оның ішінде Талғар қаласында 164. Қаланы орталықтандырылған жылыту 1998 жылы тоқтатылған. Осы сәттен бастап көпқабатты үйлердің тұрғындары автономды түрде (қатты және сұйық отынмен, электрмен) жылытылды.
Бұл мәселені шешу үшін 2018 жылдан бастап Талғар қаласының аумағында 32 блокты-модульды қазандықтар орнатылып, 138 көпқабатты тұрғын үй немесе 4255 пәтер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, бұл көппәтерлі үйлердің жалпы санының 84,1 % құрайды.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Талғар қаласының 26 көпқабатты тұрғын үйіне, Бесағаш ауылының 3 көпқабатты тұрғын үйіне, Панфилов ауылының 20 көпқабатты тұрғын үйіне, Қарабұлақ ауылының 6 көпқабатты тұрғын үйіне, Кеңдала ауылының 5 көпқабатты тұрғын үйіне, Алтындән ауылының 2 көпқабатты тұрғын үйіне және Ақтас ауылының 6 көпқабатты тұрғын үйлеріне, жалпы 68 үйге 19 блокты модульды қазандық орантуға жоба әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалау жұмыстарын 2023 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.
Жолдар
Талғар ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы –1315,5 км. құрайды, оның ішінде:
- Республикалық маңызы бар - 97 км.
- Облыстық маңызы бар - 172 км.
- Аудандық және ауылішілік - 1046,5 шақырым оның ішінде:
Аудандық маңызы бар жол – 86 км
Ауылішілік жолдар – 960,5 км
628 шақырымы жақсы жағдайда, 60 %(асфальтобетон), 418,5 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, 40% (қиыршық тас, топырақты).
Үстіміздегі жылы 3,5 млрд.теңгеге 30 ауылда 100 шақырым жол жөнделіп, жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 65% жетті.
Оның ішінде:
Жол қауіпсіздігі.
21 дана жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелі мен 13 бағдаршам, 90 аялдама орнатылған, жыл соңына дейін іске қосылады.
Жолаушы тасымалы.
Ауданда 11 ауданішілік автокөлік маршруттарында 32 автобус жұмыс жасайды. Тұрғындарды тасымалдаумен «Тулпар экспресс» ЖК жүргізеді.
2023 жылы тасымалдаушыға 559,1 млн. теңге субсидия бөлінді. Оның 432,5 млн. теңгесі игерілген.
Әлеуметтік сала
Білім саласы
Талғар ауданында 52 мектеп (о.і 44 мемлекеттік(3-№9,18,38-бейімделген мектептер), 6 жекеменшік мектеп), 2 мектепаралық оқу-өндірістік мекеме, 5 мектептен тыс қосымша білім беру мекемесі, 2 облыстық мектеп-интернат жұмыс жасайды. 2023-2024 оқу жылында 52067 оқушы білім алуда. Мұғалімдер саны – 5020. 38 мұғалім жетіспейді ((Орыс сыныптарына бастауыш, химия, физика, география, орыс тілі, математика, тарих т.б).
2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы- 67,8%.
2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты 1741 оқушы аяқтап, 98 түлек «Алтын белгі», 194 түлек «Үздік аттестат», жоғары және арнаулы оқу орындарына бөлінген мемлекеттік грантты 1012 оқушы (58%) иеленді.
Ауданда 6 мектеп үш ауысыммен оқиды ( №34ОМ Талдыбұлақ а., №37 ОМ Жаңалық а., №15 ОМ Жалғамыс а., №13,31 ОМ Тұздыбастау а. №42 ОМ Кендала а.), оқушы орнының тапшылығы - 13800.
Үш ауысымды мектептерді жою және мектебі жоқ елді мекендерде оқушыларды оқумен қамту мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 жаңа мектеп салу жоспарланған.
Қазіргі таңда 6 мектептің құрылыс жұмыстары басталған.
(«Айғаным» ш.а. (600 орын), Жалғамыс (600 орын), Төңкеріс а.(600 орын), Қызылту а. (900 орын), Тұздыбастау а. (1500 орын), Жаңалық а.(600 орын)
Сондай – ақ, 1 мектептің (600 орындық - Талдыбұлақ) құрылысын бастау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
2024-2025 жылдары -4 мектеп:
(Қызыл- Қайрат а.(900 орын), Кендала, а. (900 орын), Байбұлақ а (1200 орын), Талғар қ. ( 1500 орын)).
2023-2024 оқу жылында 19 елді мекен, 10 саяжай кооперативі, 23 ықшам ауданнан 7132 оқушы тасымалданып оқытылуда.
Аудан бойынша оқушылар тасымалдауын ұйымдастыруға 23 мектеп автобусы бөлінген. Бұл мақсатқа 2020 жылы мектептер теңгерімінде 10 автобус берілген. Алайда, мектептердің теңгеріміндегі автобустардың жетіспеуіне байланысты жеке кәсіпкерлермен келісім шарт арқылы қосымша 17 автобус оқушыларды тасымалдауда.
2023-2024 оқу жылында 26920 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтуға 727,111 млн теңге қаржы бөлінді.
1-4 сыныптарда 22237 оқушы, 5-11 сыныптардағы әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан 4557 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылуда.
2023 жылы жалпыға міндетті білім беру қорынан 8006 оқушыға мектеп формасын алуға облыстық бюджеттен (бір балаға шаққанда 40 567 теңге) 324,8 млн.теңге бөлініп, қаржылай көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, жаз мезгілінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 375 бала тегін жаздық сауықтырылумен қамтылды. Бұл мақсатта бюджеттен 29 млн. теңге бөлінді.
Күрделі жөндеу
Талғар қаласындағы №9 ОМ, Белбұлақ ауылындағы №10 ОМ, Нұра ауылындағы №12 ОМ, Панфилов ауылындағы №4 бала-бақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуге 2,8 млрд. теңге бөлінді. Жұмыстар келесі 2024 жылы аяқталады.
8,0 млн. теңгеге 3 мектептің (№16 ОМ, №19 ОМ, №36 ОМ) жылу қазандықтары ауыстырылып, 7 мектеп (№7, №19, №36, №18, №44, №26, №39 ОМ), 2 қосымша білім беру мекемесі (Жас натуралистер станциясы, Жас техниктер станциясы)газ жүйесіне қосылды.
4,4 млн.теңгеге 4 мектепке (№33, №35, №23, №17) пандус орнатылып, 93,7 млн. теңгеге 9 мектепке (№7, №49, №10, №11, №15, №21, №26, №37, №45) жаңа модификациялық кабинеттер алынды.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023-2024 оқу жылында 1-қыркүйектен бастап 1000 - нан астам оқушысы бар 16 мектепке (№1, №2, №3, №7, №25, №13, №19, №45, №31, №36, №34, №32, №35, №42, №28, №29) арнайы күзет қызметі енгізілді.
Бала- бақша
Ауданда барлығы 197 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді 6 (1140 бала) мемлекеттік балабақша, 190 (16210 бала) жекеменшік балабақша және мектептердегі 1 шағын орталық (65 бала).
Мектепке дейінгі қамту 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 96,7 %, 3 жастан 6 жасқа дейін - 99,7% құрайды.
Денсаулық сақтау саласы
Аудан тұрғындарына 1 аудандық орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 11 фельдшерлік-акушерлік пункті, 9 медициналық пункті және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді.
Белбұлақ ауылындағы апаттық жағдайдағы дәрігерлік амбулаторияның орнына жаңа ғимарат сатып алынып, күрделі жөндеуден өткен.
Жалпы туу көрсеткіші 2022 жылмен салыстарғанда 94 жағдайға азайған, керісінше өлім көрсеткіші 52 жағдайға , нәрестелер өлімі 7 жағдайға өскен.
Қан айналымы аурулары 3 жағдайға азайып, қатерлі ісік 10 , құрт аурулары 4 жағдайларға өскен.
9337 адам емделіп, 73007 төсек күн өткізген.
Халықты еңбекпен қамту
«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамассыз ету» бойынша 84 адам жолданды, жоспар-100 адам. 68 тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша 2023 жылы аудан бойынша жеке ісін ашуға 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант 89 адамға беру жоспарланған, 2023 жылдың 1 жарты жылдығына 35 адамға, 48.3 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.
«Жұмыспен қамтудың белсенді іс – шаралары»:
Әлеуметтік жұмыс орындарымен 84 адам уақытша жұмысқа алуға жоспарланып, 97 адам жұмысқа жіберіліп (115,4%) оның ішінде 20 адам жұмысын аяқтап, 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Жастар тәжіребиесіне 130 адамды қамту жоспарланып, 160 түлек жұмыспен қамтыл5ан.
Қоғамдық жұмыстар арқылы жыл басынан 820 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 1126 жұмыссыз азамат жолданды (137%), 344 адам жұмысын аяқтады.
Алғашқы жұмыс орны жобасына 81 оқуын бітірген түлекті жолдау жоспарланған. Жыл басынан бастап 110 адам жолданып (133%). 41 түлек алғашқы жұмыс орнын аяқтап, 14 тұрақты жұмысқа орналасты.
Күміс жас жобасы аясында 150 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. 217 жұмыссыз адам жұмысқа жолданды (144,0%). Бүгінгі таңда 86.9 млн. теңге игерілді.
Пробация қызметінің есебінде тұрған 16 азамат жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгініп. Тұрақты жұмысқа 7 азамат қабылданып, квотаға сәйкес 9 адам жұмысқа орналасты.
Өтініш берген 6292 жұмыссыз адамның 2567-і экономиканың түрлі салаларына жұмысқа орналастырылды (40,8%).
Аудан көлемінде өнеркәсіп орындарын ұлғайту, кіші және орта кәсіпкерлік нысандарының ашылуынан 7086 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 5363 тұрақты жұмыс орындары.
Жұмыссыздық деңгейі 4,6 % пайызды құрады.
2023 жылдың қаңтар- наурыз айларындағы орташа еңбекақы - 279328 мың теңгені құрап, 2022 жылмен салыстарғанда 115,8% өскен (2022 ж.-241674 теңге).
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1574 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (адам саны 8404 құрайды), 665,6 млн. теңге төленген.
Сондай – ақ түрлі әлеуметтік көмектерге 87,7 млн. теңге жұмсалды (үйде оқитын мүгедек қатарындағы кемтар балаларға, туберкулез ауруына шалдыққандарға, Ауған соғысына қатысқандарға бір жолғы төлем).
Мүмкіндігі шектеулі өз бетінше жүре алмайтын 1-ші топтағы 413 мүгедекке 413 жеке көмекші, ыммен сөйлесетін 13 маман - 96 мүгедекке қызмет көрсетіп келеді.
Сонымен қатар, 91 адам қол арбамен, 595 адам протездік ортопедиялық құралдармен, 1461 компенсаторлық құралдармен қамтылған. 975 мүгедекке шипажайға жолдама берілген, 10606 «Инватакси» көмегіне жүгінген.
Медицина қызметкерлерінің мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет 95 балаға 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің 15 әлеуметтік қызметкері 92 жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді.
Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру
Ауданда 246 спорттық нысан халыққа қызмет етуде. Оның 3 стадион, 2 спорттық сауықтыру кешен, 9 жүзу бассейн, 64 спортзал, 60 спорт лаңдары, 57 футбол алаңы, 12 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары, 6 теннис корты, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабық хоккей алаңы, 5 спорт мектебі және т.б. 24 спорттық объектілері.
Жалпы аудан халқының 78,0 мың адамы немесе 32,5 % денешынықтыру және спортпен шұғылдануда.
Тұздыбастау ауылында демеушілермен «Қанат» күрес спорт кешені салынып, пайдалануға берілді
Туризм
Ауданда 37 туризм нысаны бар, оның 13- Талғар қаласында , елді мекендерде - 24. Мұнда 595 жұмыс орны ашылған.
2372,7 млн. тенге қызметтер көрсетілген (2022ж. – 2611,5 млн. теңге).
Ауданда «Жұлдыз» ПКФ ЖШС көпфункционалды сауықтыру және туризм экокомплексі жылжымайтын мүлік құрылысының жобасы іске асуда, жобалық қуаттылығы -15 мың шаршы метрге дейін.
Мәдениет
Аудан тұрғындарына 17 мәдениет ошақтары қызмет көрсетеді.
«Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасымен Бесағаш ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып осы жылдың басында пайдалуға берілген. Онда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.
Талғар қаласындағы аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған.
Ү.ж. бірінші жартыжылдығы бойынша мемлекеттік тілдің қолдану көрсеткіші 99,2%.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 26 маман 9,0 млн.теңгеге бір жолғы көтерме жәрдемақыларын, алған.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Жалпы аудан бойынша 62871 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электрондық түрде- 88,0 %, мемлекеттік корпорация арқылы- 12,0%.
Құқықтық тәртіп бойынша
Жалпы ауданда 1501 қылмыстар тіркеліп, 2022 жылмен салыстарғанда 103,4 % құрады (2022 ж. – 1452). Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 104,2 % өскен (2023 ж. – 25, 2022 ж. –24), ауыр қылмыстар 5,0 % азайған (2023 ж. – 420, 2022 ж. – 442).
Экономика және қаржы бөлімі