Меню

Страницы

Статья

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.

Осыған байланысты, аталған тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен «QYZMET LIVE» жобасы аясында бүгін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы туралы ой бөлісеміз. Мен өзімді таныстыра кетсем, Туысқанова Алтынай Сержанқызы  Талғар ауданының   мәдениет, тілдерді дамыту,Спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы.

 «QYZMET LIVE»  жобаның негізгі мақсаты -  қызмет берушілердің әлеуметтік желілер арқылы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат ұсынуға бағытталған.

Қазіргі таңда «Талғар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» спорт саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.  Атап айтатын болсақ:

  • Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүмкіндігі шектеулілерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау;
  • Спортшыларға «Екінші және үшінші спорттық, жасөспірімдер арасында бірінші, екінші және үшінші, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер, екінші санатты спорттық төреші» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру»;
  • Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру;

Қазіргі таңда осы 3 мемлекеттік қызмет көрсету ішінде бөлімге тек          Спортшыларға «Екінші және үшінші спорттық, жасөспірімдер арасында бірінші, екінші және үшінші, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер, екінші санатты спорттық төреші»  cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» бойынша өтініштер келіп түсуде.

Өтініштер ХҚКО арқылы қабылданып, бөлімге қағаз түрінде жеткізіледі және электронды түрде ИИС ЦОН базасы арқылы келіп түседі.

2023 жыл басынан қазіргі күнге дейін Бөлім барлығы 247 адамның өтінішін қарастырып, 4 азаматтың құжаттары толық болмағандықтан кері қайтарылып, барлығы 243 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жеткiзгiште 5 жыл мерзiмге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзiндi не мемлекеттiк көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
         Мемлекеттiк қызмет жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешiлерiне (бұдан әрi - алушылар) спорттық разрядтары мен бiлiктiлiктердi ресми тану

мақсатында көрсетiледi.

         Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

         1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 15 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);
         2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты

20 минуттан аспайды.

         Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

         Мемлекеттiк қызмет  ХҚК орталығында демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанға дейiн, еңбек заңнамасына сай, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз көрсетiледi.

Дата публикации
06 декабря 2023
Дата обновления
06 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы