Меню

Страницы

Статья

Халыққа сапалы қызмет көрсету – басты міндет

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы,соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді,яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы-мемелекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.

Элекронды үкіметті дамыту, халықтың компьтерлік сауаттылығын көтеру,халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту,сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алудың тиімділігін басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс.

Бесқайнар ауылдық округынде « Халық үніне құлақ асатын мемлекет» -бағдарламасы аясында ауылдық округінің әкімі А.А Джабаев онлайн қабылдау жүргізу арқылы, азаматтардың мәселелерін тыңдап, шешімін табуға көмектесіп отырады.

Жылдан жылға элетрондық түрде көрсетілетін қызметтер саны ұлғаюда. Қазіргі таңда Бесқайнар ауылдық округынде 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемелект меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекттік қызметтер электронды түрде қабылданады. 2023 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша «Е-лицензия» электрондық бағдарламасы бойынша қызмет алушыларға 34 қызмет көрсетілді. Халыққа электронды құжаттар алу үшін барлық мемлекттік органдарда « Egov» өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған және мамандар компьютер сауаттылығын арттыру үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Азаматтарға мемлекеттік қызметшілер, қажет мәліметтерді тікелей телефоны арқылы алуға, анықтаманы оңай түрде алады. QR кодты көрсетіп мессенджерлер арқылы ұсынуға болатындығы және онлайн қызметтер әрқашанда халыққа қолжетімді болуы тиіс екендігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

                                                               

Бесқайнар ауылдық округі

                                                            әкімі аппаратының бас маманы

А. Сәкенұлы

Дата публикации
18 октября 2023
Дата обновления
18 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы