Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің

30 жылдығын мерекелеу

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қ., 2019 жыл

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

1.      

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесінің тұжырымдамалық негіздері

 

 

4

 

2.      

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесінің «негізгі құндылықтары»

 

6

3.      

Мерекенің мақсаты және негізгі міндеттері

 

7

4.      

Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі кезеңдері

 

8

5.      

2020 жылғы тақырыптық пулдар

 

9

6.      

2021 жылғы Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеу күнтізбесі

 

14

7.      

Мерекенің сыртқы атрибуттары

 

19

8.      

Күтілетін нәтижелер

 

20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«1991 жылы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.

Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ

 

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданды. Қазақстан алғаш рет әлемдік қоғамдастық таныған тәуелсіз мемлекеттің заңды түрде ресімделген мәртебесіне ие болды.

Бұл заманалық оқиға-біздің халқымыздың көптеген ұрпақтарының үміті мен арманының нәтижесі.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың – мемлекеттіліктің қазақстандық моделінің сәулетшісі, жаһандық қауіпсіздіктің көптеген стратегиялық бастамаларының авторы ретіндегі рөлі ерекше жарқын көрініс табуда.

Тұңғыш Президент – Елбасы бастамашылық еткен экономиканың нарықтық рельстерге көшуі, елдің ядросыз мәртебесі, астананы көшіру, бағдарламалық құжаттарды қабылдау, этникааралық келісім, толеранттылық пен Қазақстан халқының бірлігі – Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей институтын құру және басқа да стратегиялық шешімдер өзінің тарихи әл-ауқаты мен тиімділігін дәлелдеді.

Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы және көреген саясатының арқасында заманауи Қазақстан халықаралық қауымдастықта толерантты, зайырлы, заманауи мемлекет ретінде мойындалады.

Заманауи Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі, экономикасы өсіп келе жатқан, біртұтас халқы және үлкен жоспарлары бар ел. Біздің еліміз тәуелсіздік тарихының қысқа кезеңінде қоғамның түрлі салаларында ауқымды реформаларды табысты жүзеге асыратын заманауи, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналды.

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету, Астана саммиті, Ислам ынтымақтастығы ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ету, Сирия дағдарысын реттеу – осы маңызды оқиғалар, елдің халықаралық аренадағы жоғары беделінің көрсеткіштері.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығының мерекесі біздің жетістіктерімізді ұғынуға, болашаққа арналған міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Мерейтойды мерекелеу қазақстандық мемлекеттілік пен патриотизмді нығайтуға ықпал етуі тиіс.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамалық негіздері

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасының төрт негізі бар:

ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ, ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ. Тәуелсіздік мемлекеттің негізгі құндылығы, өмір сүруінің негізі және басты байлығы болып табылады. Тәуелсіздікті сақтау және нығайту – әрбір қазақстандықтың, барлық мемлекеттік органдардың қызметінің өзекті міндеті.

Мемлекет пен елдің әрбір азаматы тәуелсіздікті сақтау және нығайту үшін барынша күш салуға тиіс. Бұл аспектіні ашуда бүкіл қоғамның жұмыс жасауы қажет.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттіліктің қазақстандық моделін қалыптастырудағы және табысты дамытудағы тарихи рөлін жан-жақты бағалау қажет.

 

ТАРИХИ. Ғасырлар бойы қазақ халқы тәуелсіздікке ұмтылды. Соңғы жүзжылдықтағы оқиғалар – оның жарқын дәлелі. Әрбір ұрпақ осы арманға қол жеткізуге өз үлесін қосты. Сондықтан тәуелсіздік мерекесі әрбір қазақстандық үшін ерекше мағына мен маңызға ие болады.

Біздің ұрпаққа ерекше міндет  жүктеледі. Біз Қазақстанды сақтап қана қоймай, нығайта түсуіміз керек, біздің бірегей тарихи тәжірибемізді сақтай отырып, оны табысты, өркендеген мемлекетке айналуына үлес қосуымыз қажет.

Осы құндылықты қоғамдық санаға енгізуге мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын бағыттау қажет.

 

ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – тәуелсіз мемлекеттің барлық жылдардағы жоспарлы дамуының нәтижесі. Әрбір азаматтың тәуелсіз және қуатты мемлекет құруға қатыстылық сезімін туындату үшін елдің барлық жетістіктерін көрсету қажет.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жаңа форматтағы қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретіндегі тарихи үлесін жан-жақты насихаттауды ұйымдастыру қажет, сонымен қатар негізгі ұлттық құндылықтардың – тәуелсіздік, ұлттық қауіпсіздік, тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік және келісім тарихи сабақтастығының басты желісін жалғастыратын болады.

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ. Қазіргі Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет, бейбітшілік сүйгіш және прагматикалық құндылықтары бар ел, ұлттық және азаматтық бірлік елі ретінде танылды.

Тәуелсіз Қазақстан беделді халықаралық ұйымдарды басқарды, аймақтық интеграциялық үдерістер мен жаһандық бейбітшілікке бағытталған бастамалардың бастауында тұрды.

Қазақстанның халықаралық аренадағы негізгі жетістіктері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың белсенді қызметінің нәтижесі. Сол себепті қазіргі халықаралық қатынастардың архитектурасына оң әсер еткен Н. Ә. Назарбаевтың жаһандық бастамаларының тарихи маңыздылығын көрсету маңызды.

Тәуелсіздік мерейтойын тойлау елдің 30 жылдық дамуы контекстінде шет елдерде ауқымды тұсаукесермен сүйемелденуі тиіс. Бұл жұмысты Сыртқы істер министрлігі және Қазақстанның шет елдердегі елшіліктері жүргізетін болады.

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесінің

«негізгі құндылықтары»

 

Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеу аясында мынадай негізгі құндылықтар пайдаланылатын болады:

 

ТӘУЕЛСІЗДІК

Тәуелсіздік – мемлекеттің басты құндылығы мен байлығы. Тәуелсіздік алу нәтижесінде елдің әрбір азаматы өз болашағын дербес құру, ал мемлекет қазақ халқының тарихи арманын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды.

 

БІРЛІК

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының алғашқы күндерінен бастап дамудың негізі тең құқықтыққа, достық пен келісімге негізделген бүкіл халықтың бірлігі болды. Жылдар бойы Қазақстан осы қағиданы берік ұстанып келеді.

Бірлікті сақтау және нығайту – ең жоғары құндылық. Біздің ұстанымымыз «Ұлт бірлігі – оның әралуандығында». Бірлік – тәуелсіздіктің, халықтың әл-ауқатының негізі.

 

ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Қазақстан барлық жетістіктеріне бейбітшіліктің, Қазақстан қоғамының бірлігі мен өркендеуінің басты шарты болып табылатын тұрақтылық арқылы жетті. Тұрақтылық – әрбір қазақстандықтың болашаққа деген сенімділігінің негізі.

 

ӘДІЛЕТТІЛІК

Әділдік – біздің менталитетіміздің ажырамас бөлігі, еңсерілмейтін құндылығымыз. Конституцияға сәйкес, елдің барлық азаматтары ұлтына, діни сеніміне, мүліктік жағдайына қарамастан тең. Сондықтан мемлекеттің міндеті – Қазақстан Республикасының әрбір азаматына жеке табысқа қол жеткізу және өзінің әл-ауқатын арттыру үшін мүмкіндік жасау.

 

ПРОГРЕСС

Біз әлемге ашықпыз, үздік әлемдік жетістіктерге, озық технологияларға ұмтыламыз. Өмірдің барлық салаларында біз жаңаруға қабілеттіміз. Біз ертеңгі күнге сенім артамыз. Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарында міндетті түрде болады. Прогресс идеясы – біздің заманауи сын-қатерлерге жауабымыз.

 

ҚАУІПСІЗДІК

Адамзат өркениеті дамуының барлық тарихи тәжірибесі мемлекеттің қатардағы азаматтарының өмірі мен әл-ауқаты, ең алдымен, олардың қоршаған ортасының қауіпсіздік дәрежесіне байланысты екенін көрсетеді. Әрбір адам біздің ортақ қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілгендігін сезінуі керек, әрбір адам әлдеқайда көп жеңеді. Жеке азамат қанша жетістікке жеткен болса да, оның елінде қауіпсіздік болмаса, ол әлі қорғалмаған болып есептеледі.

Ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін салу – қазақстандық мемлекеттің басым міндеті.

 

САБАҚТАСТЫҚ

Ел дамуының жаңа кезеңінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бағытын жалғастыруды ұстана отырып, қол жеткен жетістікті сақтай отырып, біз табысты саяси дәстүрлердің негізін қалап, қазіргі заманның сын-қатерлеріне жауап беретін мықты және тұрақты мемлекет құра аламыз.

 

АШЫҚ ҚОҒАМ

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою – біздің мемлекет саясатының басты басымдықтары. Ашық қоғам, сындарлы қоғамдық диалог – келісім мен тұрақтылықтың негізі.

 

Мерекенің мақсаты және негізгі міндеттері

 

Ағымдағы жылдың басында Елбасы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Үкіметке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына дайындық және мерекелеу жөніндегі бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Жалпы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жалпыұлттық сипатқа ие болуы тиіс. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің негізгі мақсаты – мемлекеттілікті, Қазақстан халқының бірлігін нығайту және негізі тәуелсіздік пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім, әділдік пен прогресс болып табылатын негізгі құндылықтар төңірегінде қоғамды шоғырландыру.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің негізгі міндеттері:

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдағы жетістіктері мен жетістіктерін көрсету;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы                    Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрудағы тарихи рөлін көрсету;

қазақстандық мемлекеттілік пен патриотизмді, ел үшін мақтаныш сезімін нығайту;

елдің барлық азаматтарын мемлекеттің басты стратегиялық міндеті – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуді іске асыруға тарту.

 

Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеуге бірыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, бекітілд

Мемлекеттік комиссияның жұмысы шеңберінде Тұжырымдама мен Жалпы республикалық іс-шаралар жоспарын бекіту жоспарлануда.

Жоспар халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі іс-шараларды көрсететін болады.

Мерейтойлық іс-шаралар бірлік пен жасампаздықтың құндылықтарын алға жылжытуды, тәуелсіз даму жылдарында еліміздің жетістіктерін көрсетуді қамтамасыз ете алады, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

 

Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі кезеңдері

 

Елдің мерейтойын өткізуді дайындау және өткізу екі кезеңге жоспарланып отыр: 2020 жыл және 2021 жыл.

 

2020 жыл «Ел және Елбасы» - «Мықты көшбасшы. Бәсекеге қабілетті ұлт. Табысты ел» тақырыбы аясында өтеді.  

 

Негізгі міндет – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы және нығайтудағы тарихи үлесін көрсететін іс-шараларды өткізу.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан бүкіл әлемге ашық, егемен заманауи мемлекет ретінде қадам басып келеді. 1991 жылы ел тарихының өзгеріске толы кезеңінде, қазақ халқы дәл осы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еркіндік пен тәуелсіздік туралы ғасырлық арманын жүзеге асырды.

Жас тәуелсіз мемлекет – Қазақстанның алдында егеменді өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау, тұрақтылықты сақтау, ел халқының өмірін жақсарту үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру, Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы оңтайлы орнын іздеу, халықаралық беделге қол жеткізу және басқа мемлекеттер мен әлем халықтары тарапынан елге құрмет көрсету міндеті тұрды.

Тәуелсіздік кезеңінде жинақталған Қазақстан Республикасының қалыптасуының барлық тарихи тәжірибесі қойылған ауқымды мақсаттардың тереңдігі мен маңыздылығын көрсетеді, онда реализм мен прагматизм, дәйектілік пен төзімділік тығыз байланысып отырады. Осы міндеттерді сәтті шешуде жас мемлекеттің рөлінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болғаны сөзсіз.

«Ер бір сырлы, жеті қырлы болу керек» деген қазақта даналық сөз бар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы                     Н. Ә. Назарбаев осындай тұлға болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев генерациялайтын бастамалар ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ілгерілеуі мен өркендеуіне бағытталған ел дамуының табысты стратегиялық желісін анықтады. Сондықтан негізгі іс-шаралар оның көп қырлы тұлғасын ашуға және мемлекеттіліктің қазақстандық моделін қалыптастыруға және нығайтуға үлес қосуға бағытталатын болады.

2020 жыл ішінде 4 тұжырымдамалық-мағыналық блок бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу жоспарлануда.

 

  1. «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ»

 

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы 1991 жылғы 16 желтоқсанда – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданған сәттен басталады. Осы заң мемлекеттік дамудың алғашқы кезеңдерін конституциялық түрде ресімдеді.

Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның базалық негіздерін айқындады және дәйекті түрде қалыптастырды. Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның болашағының қалай болатындығына ықпал ететін, шешуші міндет ретінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасының қауіпсіздігі, оны делимитациялау және демаркациялауды қойды. Осы стратегиялық міндетті қазақстандық қызметтер табысты шешті және бүгін Қазақстан өзінің мемлекеттік шекарасын оның барлық периметрі бойынша анықтап, осы мәселе бойынша көрші елдермен қол жеткізілген барлық халықаралық келісімдерді заң жүзінде бекітті.

1995 жылы Конституцияны қабылдау – Қазақстан халқының тарихи тағдырын таңдау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен халқымыз жасаған мемлекетіміздің қазіргі заман тарихындағы бұрылыс қадамы. Конституция алдағы онжылдықтарға барлық азаматтар үшін құндылықтар платформасы бола отырып, біздің қоғамды біріктірді.

Ең үздік әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді жинақтаған Қазақстан Конституциясын мерекелеудің 25 жылдығы маңызды оқиға болып табылады. Бүгінгі күнде Конституция – Қазақстан халқының бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік іргетасы.

Мемлекеттің жүрегі Қазақстанның жаңа астанасында соғады. Рекордтық мерзімде, Есілдің жағасында жетістіктері бүкіл әлемге белгілі қала пайда болды. Бүгінгі таңда Қазақстанның жаңа астанасы дамыған мемлекет туралы идеяны іске асыруда, бірегей қазақстандық жолды, Қазақстанның болашаққа ұмтылысын бейнелейді.

Заманауи Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсенал болған КСРО ыдырағаннан кейінгі республика болған кезеңде ядролық қарудан батыл бас тартуынан бастап өзінің дәйекті антиядролық бастамаларымен танымал. Қазақстан КСРО құрамында болған және басшылығында осындай қадамның жақтастары аз болған кезеңде, 1991 жылы полигонды жабу туралы түбегейлі шешім қабылдай отырып, Н. Ә. Назарбаев әлемдік қоғамдастықта үлкен құрметке ие болды.

Полигонның жабылуы-Қазақстан халқының тілегін орындау.

Полигон жабылғаннан және ядролық қарудан бас тартқаннан кейін Қазақстан ядролық державалардан қауіпсіздік кепілдігін алды және осы мемлекеттердің Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарларын жоюда көмегіне ие болды.

Осы тұжырымдамалық-мағыналық блок шеңберінде Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның сәулетшісі ретіндегі рөлін ашатын іс-шаралар өткізуді ұсынамыз.

 

  1. «ЕЛТҰТҚА»

 

Мықты экономиканың қалыптасуы, инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесін дамыту – Елбасының барлық баяндамлары мен бағдарламалық құжаттарының күн тәртібі болып табылатын міндеттер.

Тәуелсіздік жылдары ҚР экономикасына шамамен 200 млрд. доллар инвестиция тартылды. Елге шетелдік компаниялар, жаңа және заманауи технологиялар келді. Орта және шағын бизнес дамуда. Жаңа жұмыс орындары құрылуда. Халықтың өмір сүру деңгейі артуда.  Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан әлемнің жетекші мемлекеттерінің қатарына кіреді.

Бүгінде Қазақстан – ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың көшбасшысы, оның басты мақсаты – Қазақстан халқының өркендеуі және әл-ауқаты.

«Қазақстан-2050» стратегиясы тарихтың жаңа бетін ашады, онда біздің жалпыұлттық мақсатымыз көрсетілген – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің біріне айналу.

Стратегия – елді және қазақстандықтардың өмірін күннен күнге жақсартатын нақты тәжірибелік жұмыстардың бағдарламасы. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері арасында біздің Отанымыздың құрметке лайықты болашағы – ғасырлар бойы барлық қазақстандықтарды біріктіретін негіз.

Осы блоктың іс-шаралары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік табыстарының іске асырылуын бағалауға, қорытындылауға арналады.

 

  1. «ЖАСТАР ЖАНАШЫРЫ»

 

Тұңғыш Президент құрған мемлекеттің моделінің қашан да басты мақсаты – өмір сапасының жоғары стандартын қамтамасыз ету және адами әлеуетті толыққанды іске асыру. Адам – еліміздің басты капиталы мен құндылығы.

Сол себепті Елбасының тұлғасы мен кәсіби жолы бүгінде қазақстандық құндылықтарды, еңбек идеяларын, азаматтық жауапкершілікті және жүзеге асырылған армандарды табысты ілгерілетудің үлгісі болып табылады.

Елбасы үшін әрдайым озық білім мен жан-жақты дамыған тұлға, сапалы медицина мен салауатты өмір салты басты басымдық болып қала береді. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін Тұңғыш Президенттің бастамасымен бірегей медициналық кластер, «Болашақ» бағдарламасын қоса алғанда, білім берудің барлық сатыларының инновациялық бағдарламалары, XXI ғасырдағы қазақстандық білім берудің флагмандары, әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу орталықтары болып табылатын Назарбаев зияткерлік мектептері құрылды.

БҰҰ бағалауы бойынша қазіргі Қазақстан адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер тобына кіреді. Бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың құрған моделінің нақты нәтижесі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы әрқашан болашақтың басты активі жастар деп есептейді, сондықтан ол көп қырлы және жүйелі жастар саясатын қолдайды және бұл стратегиялық тәсіл біздің елімізді әлемнің ең үздік 30 мемлекетінің қатарына шығаруға қабілетті, білімді жас патриоттардың қуатты тобын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Іс-шаралардың желісі Елбасының жеке басын және кәсіби жолын танымал ету, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы білім беру, медицина, спорт, мәдениет саласындағы жетістіктері (Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Болашақ» бағдарламасы және т.б.) болады.

Білімді азаматтарды елдің басты капиталы ретінде көрсетуге бағытталған іс-шаралар өтеді.

 

  1. «ЕЛ ҰЙЫТҚЫСЫ»

 

Қазақстан – 130-дан астам этнос өкілдері тұратын көпұлтты ел. Сондықтан Елбасы саясатында этносаралық қатынастар саласы әрдайым ерекше орын алады. Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы салиқалы саясатының арқасында көпұлтты фактор республиканың шынайы байлығына айналды, ел этносаралық негіздегі қақтығыстар мен қайшылықтарды болдырмады. Этносаралық қатынастарды үйлестіру, толеранттылық, бейбітшілік пен келісім – осының барлығы Елбасының саясатының негізі болды.

Тұңғыш Президент бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды, оның негізгі мақсаты – республика азаматтарының ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз ету.

Қазақстан халқы Ассамблеясына ұқсайтын ұйым әлемде жоқ. Бүгінде ол азаматтық өкілдіктің қоғамдық қызметі, жаңа әлеуметтік лифт, қайырымдылық қауымдастығының үлгісі және Қазақстанның барлық этностарының диалогтық алаңы ретінде жұмыс істейді.

Қашан да мықты және гүлденген мемлекеттің негізі – рухани бай, өзінің тарихи өзіне-өзі сенімділігі бар ұлт. Сол себепті тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының басынан бастап Елбасының саясаты әрдайым ұлттық құндылықтарды сақтауға, ұлттық рухты нығайтуға, руханилықты жаңғыртуға бағытталған.

Бірінші фактор қазақ тілін өркендету үшін жағдай жасау болды. 1995 жылғы Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік болып жарияланды. 1997 жылы қабылданған «Тіл туралы» заңда қазақ тілін меңгеру әрбір азаматтың парызы, ал тіл – қазақстандықтардың бірігуінің маңызды факторы болып табылады деп бекітілген.

Елбасының бастамасымен қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасын қалпына келтіру бойынша теңдесі жоқ қадамдар жүзеге асырылуда. 2004 жылдан бастап Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен объектілерді қалпына келтіруге бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асырылуда. 2013 жылы «Халық тарих толқынында» бағдарламасы қабылданды, ол еліміздің тарихына арналған әлемдік жетекші мұрағаттардың құжаттарын жүйелі түрде жинауға және зерттеуге мүмкіндік берді.

2017 жылы 12 сәуірде жарияланған Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы басты мақсаты мықты және жауапкершілігі жоғары адамдардың ұлтына, өткенді, бүгінгі күнді және болашақтың жиектерін біріктіретін платформасына айналу болып табылатын рухани сананы жаңғыртудың бағдарламалық құжаты болды.

Осы блоктағы іс-шаралар Елбасының Қазақстан халқының бейбітшілік пен келісім саясатын қалыптастыру мен табысты дамытуға қосқан үлесін, заман талабына сай қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған саясатын көрсетуге арналған.

 

* * *

«Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.

Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.

Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни  Назарбаев моделі деп атады.

Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр».

Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» мақаласынан алынған.

 

2021 жыл «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» тақырыбы аясында өтеді.

 

Қоғамда бірлік пен келісімді, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын нығайтуға, қоғамдық санада Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ қоғамды дамудың жаңа мақсаттарына қол жеткізуге жұмылдыруға бағытталған іс-шаралар кешені көзделеді.

2021 жылғы іс-шаралар жоспарын іске асыруды екі негізгі тұжырымдама бойынша жүргізу жоспарлануда: күнтізбелік жылдың күндеріне байланыстыра отырып Қазақстанның белгілі бір саладағы жетістіктерін ашатын идеялық-мағыналық және Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дәуірлік оқиғалардың хронологиясын қайта жаңғырту.

Бірінші тұжырымдамаға сәйкес, мерейтой жылының әр айының өзінің идеялық-мағыналық желісі болады, ол белгілі бір саладағы Қазақстанның жетістіктерін ашып көрсетеді, осылайша тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін түсінудегі бірыңғай контекст қалыптастырады.

Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихының хронологиясын кеңінен ашу және оның қалыптасуының тұтас тарихи бейнесін қалыптастыру мақсатында мерейтой жылының әр айы 1991 жылдан бастап кезең-кезеңімен 3 жылдағы оқиғалар көрсетіледі. Осылайша,   2021 жылдың 10 айында ақпараттық кеңістікте Тәуелсіз Қазақстанның      30 жылдық тарихы мазмұнды жаңғыртылады

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу күнтізбесі.

 

2021 жылдың қаңтар айы – «Заманауи тиімді мемлекет: Тәуелсіздіктің жетістіктері»

 

Бір ай Қазақстанның әр түрлі саладағы жетістіктеріне арналады.

Егеменді даму жылдары Қазақстан тұрақты экономикалық өсу траекториясына шықты, мемлекеттік институттар мен орта тап жүйесін қалыптастырды, өз азаматтарының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартты, жаңа астананы құрды, өзінің теңдестірілген және жауапты сыртқы саясатымен халықаралық беделді нығайтты, өңірлік көшбасшылыққа өзінің құқығын дәлелдеді.

Берік бірліктің арқасында қазіргі Қазақстан – бүкіл халықтың өркендеуі мен әл-ауқаты үшін жағдай жасалатын заманауи үлгідегі Тәуелсіз мемлекет.

Ақпараттық кеңістікте 1991-1993 жж. оқиғалардың хронологиясына баса назар аударылатын болады – ҚазССР Президентін сайлау (1991 ж.), Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі (1992 ж.), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қабылдау (1992 ж.) және басқа да тарихи оқиғалар.

 

  • жылдың ақпан айы – «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлес»

 

Таразыланған сыртқы саясаттың арқасында елімізді халықаралық аренада жетекші бітімгер, жаһандық диалог алаңдарының бастамашысы ретінде таниды.

Бір ай ішінде Қазақстанның бітімгершілік ел ретіндегі имиджін ілгерілету бойынша бірқатар іс-шаралар өтеді. Жаһандық қауіпсіздік бойынша сыртқы саяси бастамаларға және Қазақстанның әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынастарды нығайтудағы жетістіктеріне назар аударылады. Іс-шараларға жетекші халықаралық сарапшылар қатысады.

Ақпараттық кеңістікте 1994-1996 жж. – егемен Қазақстанның бірінші парламентіне сайлау (1994 ж.), Қазақстан халқы Ассамблеясын құру  (1995 ж.), ҚР екінші Конституциясының республикалық референдумында қабылдау (1995 ж.) және басқа да тарихи оқиғалар хронологиясына баса назар аударылатын болады.

 

 

 

2021 жылдың наурыз айы – «Дәстүрлерді жаңғырту/Қасиетті Қазақстан»

 

Заманауи қоғамды табысты жаңғыртудың шарты – ұлттық мәдениетті сақтау, оның құндылықтары мен дәстүрлерін жаңғырту, оларды әрбір ұрпақтың өмірінде өзектендіру.

 

Осы ай қазақ халқының рухани құндылықтарын қайта жандандыруға, оның дәстүрлі негіздерін нығайтуға, отбасы құндылықтарын құрметтеуге, толеранттылыққа, өзара көмек көрсетуге арналған. Бір ай бойы қазақтың дәстүрлі құндылықтарын ілгерілету бойынша бірқатар іс-шаралар өтеді.

Ақпараттық кеңістікте 1997-1999 жылдардағы оқиғалардың хронологиясына – Қазақстан астанасы Ақмола қаласын жариялауға   (1997 ж.), Ақмоланы «Астана» деп атауға (1998 ж.), «Отан» партиясын құруға (1999 ж.), Қазақстан Республикасы халқының бірінші ұлттық санағына (1999 ж.) және басқа да тарихи оқиғаларға баса назар аударылатын болады.

 

  • жылдың сәуір айы – «Зияткерлік ұлт (адами капитал)»

 

Осы ай Қазақстанның білім, ғылым, зияткерлік ұлт қалыптастыру саласындағы жетістіктеріне арналады.

Бір ай ішінде оқуда, ғылыми жобаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізген талантты жас қазақстандықтардың жетістіктерін насихаттау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ғылым, техника және өнертапқыштық саласында жетістікке жеткен ғалымдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Ақпараттық кеңістікте – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру (2000 ж.), нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін беру (2002 ж.) және басқа да тарихи оқиғаларға баса назар аударылатын болады.

 

2021 жылдың мамыр айы – «Біртұтас болашақ ұлты: Әралуандықтағы бірлік. Инклюзивті қоғам құру»

 

Қазақстан халқының бірлігі мен Отан қорғаушылар айы.

Қазақстан халқының бірлігі мен келісім идеясы, ұлтаралық бейбітшілік пен рухани бірігуге бағытталған саясаттың мәні кеңінен ашылады. Қазақстандық бірлік, тәуелсіздік және қауіпсіздік құндылықтарының сенімді қорғаушысы болып табылатын елдің Қарулы Күштерінің рөліне назар аударылады.

Мамыр айында этномәдени бірлестіктерді, шығармашылық интеллигенцияларды қатыстыра отырып, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар, сондай-ақ 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс Күнін мерекелеу өткізіледі.

Ақпараттық кеңістікте 2003-2005 жж. оқиғалардың хронологиясына – Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі (2003ж.),          I Азаматтық форум өткізу және басқа да тарихи оқиғаларға акцент жасалатын болады.

 

2021 жылдың маусым айы – «Мемлекеттік нышандар – мемлекет тәуелсіздігінің атрибуттары, бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік нышандары»

 

Отан сүйгіштік айы. Өз Отаны мен тәуелсіздігін құрметтеу мемлекеттік рәміздерді – Елтаңбаны, Туды, Әнұранды құрметтеуден басталады. Осы үш символ – егеменді Қазақстанның ажырамас атрибуты, еліміздің әрбір азаматының мақтанышы.

Жас ұрпақтың патриотизмін нығайтуға бағытталған патриоттық форумдар, құрылтай, түрлі форматты іс-шаралар өткізіледі.

Ақпараттық кеңістікте 2006-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Әнұранының жаңа мәтінін қабылдау (2006ж.), жаңа мемлекеттік мереке – «Астана күнін» бекіту (2008ж.) және басқа да тарихи оқиғалар хронологиясына баса назар аударылатын болады.

 

  • жылдың шілде айы – «Нұр-Сұлтанның тағдыры – барлық қазақстандықтардың тағдыры, тәуелсіз Қазақстанның тағдыры»

 

Бір ай Қазақстанның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласына арналады.

Нұр-Сұлтан – ел жүрегі, Еуразия жүрегі, Тәуелсіздік символы, Қазақстан жетістігінің символы.

1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімі бойынша «әлем қаласы» атағын алды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның бас қаласы Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болып табылады.

Астанада және өңірлерде барлық іс-шаралар Нұр-Сұлтан қаласына арналады. Елорданың даму призмасы арқылы іс-шараларда елдің жетістіктері көрсетіледі.

Ақпараттық кеңістікте 2009-2011 жж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бірінші зияткерлік мектебін ашу (2009ж.), Түркі кеңесін құру (2009ж.), Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі (2010ж.) және басқа да тарихи оқиғалар хронологиясына баса назар аударылатын болады.

 

2021 жылдың тамыз айы – «Құқықтың үстемдігі»

Қазақстан халқының құқықтық мемлекеттің принциптері мен идеалдарына бұлтартпас сеніміне арналған бір ай.

Қазақстан өз азаматтарының қолайлы және лайықты өмірі қамтамасыз етілген құқықтық мемлекетті бекіту жолында нық әрі дәйекті түрде жүріп келеді. Мемлекеттік құрылыс процесі үздіксіз және серпінді. Ал Конституция елдің негізгі заңы ретінде қазақстандық қоғамның жоғары мақсаттарға – экономикалық дамыған, тәуелсіз, әлемдік қоғамдастыққа интеграцияланған мемлекет құруға ілгерілеуін реттейтін негіз қалаушы құжат болды және болып қала береді. Осылайша, қазақстандықтар үшін Конституцияның қабылдануы жаңа дәуірдің басталуын білдіреді. Еліміздің негізгі заңы Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізі болды.

Ақпараттық кеңістікте 2012-2014 жж. оқиғаларға – Президент               Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында сөйлеген сөзі (2012ж.), Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында сөйлеген сөзі (2014ж.) және т.б. баса назар аударылатын болады.

 

2021 жылдың қыркүйек айы – «Тиімді бизнес – экономиканың берік негізі».

 

Бизнес елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады.

Бизнес – тұрақты азаматтық қоғамның өзегі, оның дамуына бүкіл қоғамның әл-ауқаты тәуелді. Ол халықтың басым бөлігінің экономикалық белсенділігін қолдай отырып, «салауатты» бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді, жаңа жұмыс орындарын және бюджетке айтарлықтай салықтық түсімдерді құра отырып, тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.

Бизнесті дамыту – мықты орта таптың және еңбек адамының негізі, ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүрге айналуы тиіс.

Бизнесті дамыту қорытындысын шығаруға, Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесін көрсетуге арналған іс шаралар.

«Алтын сапа» сапа саласындағы конкурстың лауреаттары мен дипломанттарын марапаттаудың дәстүрлі рәсімін өткізу жоспарлануда.

Ақпараттық кеңістікте 2015-2017 жж. оқиғаларға – Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу (2015ж.), Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі етіп сайлау (2016ж.), «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу (2017ж.), 28-ші қысқы Универсиаданы өткізу (2017ж.), «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізі болған Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында сөйлеген сөзі, (2017ж.) және т.б. баса назар аударылатын болады.

 

  • жылдың қазан айы: «Ауылым – алтын бесігім»

 

Бір ай ауыл шаруашылығының жетістіктеріне арналады. Біздің еліміз дәстүрлі түрде азық-түліктің әлемдік және өңірлік жеткізушісі, агроөнеркәсіп кешені – елдің экономикалық өсуінің қосымша көзі болды және болып қала береді.

Бір ай ішінде Еңбек Адамына құрмет көрсетуге, Қазақстанның ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы жетістіктерін көрсетуге бағытталған іс-шаралар өтеді.

Ақпараттық кеңістікте 2018-2020 жж. оқиғаларға «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске қосу (2018ж.), АХҚО тұсаукесері (2018ж.), Каспий маңы мемлекеттерінің саммитін өткізу Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюмен аяқталды (2018ж.) және т.б. баса назар аударылатын болады.

 

2021 жылдың қараша айы – «Индустриялық-инновациялық даму. Цифрлық экономика»

 

Қазақстанның міндеті – инфокоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту деңгейі бойынша әлемдегі көшбасшылықты күшейту.

Қазақстан технологиялық әріптестік, дата-орталықтарды салу және орналастыру, деректер транзитін дамыту, Цифрлық қызметтердің жаһандық нарығына қатысу, цифрлық қаржы құралдарын пайдалану үшін ашық юрисдикцияның брендіне айналуы тиіс.

Қазақстанның индустриялық даму инновациясын құру саласындағы жетістіктеріне арналған бір ай.

Бір ай ішінде Қазақстанның сандық технологиялар саласындағы жетістіктерінің тұсаукесері өтеді, оның ішінде оның ішінде Назарбаев Университетімен бірлесіп жаңа сандық технологияларды дамыту платформасы ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының тұсаукесері.

 

  • жылдың желтоқсан айы – «Тәуелсіздік – орындалған арман. Қазақстандық жол»

 

Ай мерейтойлық жылдың жалпы оқиғалық күн тәртібін аяқтайды және Тәуелсіздік тарихын танымал етуге, қазақстандық қалыптасу, даму және табыс жолының ерекше бірегейлігін ілгерілетуге арналады.

Желтоқсан айының негізгі тақырыбы Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы болады.

1-15 желтоқсан аралығында Тәуелсіздіктің мызғымас негіздерін бейнелейтін іс-шаралар өткізіледі. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында қоғамның бірігуі мен бірігуіне бағытталған маңызды оқиғалар болады.

15-16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты іс-шаралар өтеді. Осы күндері Қазақстан астанасында елдің қалыптасуына, оның тәуелсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік марапаттармен, мерейтойлық медальдармен марапаттау рәсімі өтеді.

Орталық оқиға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың қатысуымен өтетін салтанатты жиналыс және концерт, сондай-ақ олардың атынан қабылдау болады.

  • Мерекелік іс-шаралар отандық және шетелдік БАҚ-та кеңінен жарияланатын болады.

Барлық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыруға қоғам, ҮЕҰ, жастар ұйымдары, бизнес-құрылымдар, қоғамдық пікір көшбасшылары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, халықаралық сарапшылар және       т. б. белсенді түрде тартылуы тиіс.

Өткізілетін іс-шаралардың географиясы – еліміздің барлық аймақтары.

Әрбір қазақстандық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың саяси қызметінің тарихи маңыздылығын түсінуі, болып жатқан оқиғаларға жеке қатыстылығын сезінуі, Тәуелсіздік идеясына жоғары азаматтық құндылық ретінде енуі тиіс.

Барлық республикалық БАҚ-тарда мерейтойлық жыл оқиғаларының айдары ашылатын болады.

БАҚ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың сайттарында мерейтойлық іс-шаралар мен оқиғаларды егжей-тегжейлі сипаттаумен анимацияланған баннерлер орналастырылатын болады.

 

Мерекенің сыртқы атрибуттары

Мерекенің логотипі Республиканың мемлекеттік рәміздерінің элементтерін қамтуы тиіс.

Сыртқы безендірудің эскиздері тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи жолын және оның қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси болмысын көрсетуге арналған. Онда реформалар бағытын қолдауға, еліміздің беделін арттыруға, ел ішіндегі және шетелдегі жетістіктерді мойындауға бағытталған идеяларды көрсетуі қажет.

Мерекенің түстік гаммасы мемлекеттік рәміздердің түстік гаммасына негізделуі тиіс – алтынмен (охрамен) үйлескен көгілдір түстің басымдылығы.

Күтілетін нәтижелер

Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде қоғамның идеялық және рухани-мәдени бірігуін тереңдету, қазақстандықтардың санасында мемлекеттілік пен тәуелсіздік құндылықтарын нығайту, патриотизм сезімін қалыптастыру, жаңа табыстарға ұмтылу мен жасампаздықты қалыптастыру күтілуде.

Дата публикации
09 июня 2020
Дата обновления
09 июня 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы