Меню

Страницы

Статья

Талғар ауданында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу өткізілді

«1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күнін» және орта мектептердегі «Соңғы қоңырау» мерекелеуге орай Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлері полиция басқармасымен және волонтерлік ұйымдармен Талғар қаласының орта мектептерінде өткен жиындарға қатысып, Талғар ауданының Орталық саябағында  кең ауқымды іс-шаралар өткізілді, «Менің бақытты балалық шағым», «Қауіпсіз балалық шақ», «Балалардың отпен ойнауы», «Балаларды қараусыз қалдырмаңыз», «Сіздің періштеңізде қанаттар жоқ», «Қауіпсіз демалыс», «Ересектерсіз балалар шомылмасын» тақырыпты мәселелер ашылды. Қайырымдылық концерті, қойылымдар өткізілді, өрт қауіпсіздік бойынша конкурстар, балалармен ойындар, сондай-ақ магниттер мен өрт сөндіру жөніндегі жадынамаларды тарата отырып, «Ашық қабылдау» өткізілді, сонымен қатар, өрт сөндіру машинасының макеті мен өрт сөндірк киім-кешегін қолдана отырып экскурсия өткізілді.

Бұл мереке өткізілуіне байланысты ерекше орын алады. Мемлекеттік саясаттың жалғасы болып болашақ ұрпақ үшін ең жақсы жағдайларға қол жеткізу басты тапсырыс. Осыған байланысты, Талғар ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалар жарақатының алдын алуға бағытталған іс-шаралар белсенді жүргізілуде.

Балалардың мүдделерін қорғау және құқықтарын қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі болып табылады және еліміздің мемлекеттік саясатының бағыттары біз ұстанамыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Дата публикации
01 июня 2023
Дата обновления
01 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы