Меню

Страницы

Статья

Талғар ауданының 2020 жылдың қаңтар- наурыз айларындағы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы анықтамасы

Талғар ауданының 

2020 жылдың   қаңтар- наурыз  айларындағы  әлеуметтік – экономикалық  даму    қорытындылары   туралы  анықтамасы

 

 

Ауылшаруашылығы

Ауылшаруашылығында  4,6 млрд. теңгенің  жиынтық өнімі өндіріліп,  нақты көлем индексі 102,3 %.

32,5 мың гектар  егіс алқабының,  13,7 мың  гектары дәндік-дақылдар, майлық дақылдар 4,5 мың гектар, 3,056 мың гектары картоп, 2,7 мың гектары көкөніс, 220 гектары бақша дақылдары, 8434 га жем азықтық дақылдар.

2020 жылдың өніміне ауданда 3995 гектар күздік дәнді масақты дақылдар егілді, оның ішінде 1845 гектар күздік бидай, 2050 гектар күздік арпа және 100 гектар қара бидай.

Бүгінгі күнге 10010 га жер жыртылып, 19530 га алқапқа себу алдындағы өңдеу жұмыстары, 22556 га алқапта ылғал жабу жүргізілді. 3450 га жаздық масақты дәнді дақылдар, 1670 га картоп, 710 га көкөніс, 37 га бақша дақылдары, 123 га көп жылдық шөптер егілді.

Көктемгі егіс жұмыстарына 600 тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді, 5 шаруа қожалығымен 432,1 тоннаға өтінім беріліп, оның  110 тоннасы  алынды.

Ылғалсақтау технологиясымен 5000 га дәндік дақылдар алқабы өсіріледі, тамшылатып суару әдісі бойынша 825 га, жаңбырлатып суару әдісімен  1710 га алқап өсірілмек.

Алматы қаласы мен аудан тұрғандарын көкөніс өнімдерімен тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында ауданда 9 меншік иесінің 18 жылыжай шаруашылығы жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылдың  1 тоқсанында 2426 тонна ет (%), 14,8 мың тонна  сүт (100,5%), жұмыртқа – 6,9 млн. дана (118,6%) өндірілген.

 

2020 жылы ауданда жалпы құны 1,6 млрд.теңгені құрайтын 4 инвестициялық  жобалар 500 жаңа жұмыс орнымен  іске асырылуда:

- «Массари» ЖШС (Жаңалық а.) – 1,0 га алқапта жылыжай (лимонарий) кешені, жоба құны – 600 млн.теңге. 2020 жылы 300 млн. теңге игеріледі. Жұмыспен қамтылатындар саны – 7 адам. (Қайнар а/о.);

- «Байсерке-Агро» ЖШС (Арқабай а.) – селекциалық асылдандыру орталығын аяқтайды. Жобаның жалпы құны – 550 млн.теңге, 2020 жылы 50 млн. теңге игеріледі, жұмыспен қамтылатындар саны – 20 адам. (Панфилов а/о)

- «Нұрбеков» ШҚ (Бесағаш а.) – 1000 бастық мал бордақылау алаңының құрылысы. Жобаның құны – 350 млн.теңге, 2020-2021 жылдары іске асырылады. 2020 жылы 200 млн. теңге игеріледі. Жұмыспен қамтылатындар саны – 16 адам. (Бесағаш а/о);

«Баймене» ЖШС (Панфилов) – 5000 тонна жеміс сұрыптайтын желі, жоба құны – 158,7 млн. тенге. Жұмыспен қамтылатындар саны 10 адам. (Панфилов а/о.).

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп орындарының өндірген өнім көлемі 10,3 млрд.теңгені  құрады,нақты көлем индексі – 101,0%.

 

Кәсіпкерлік

Белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10722 құрап, 27070 адам жұмыспен  қамтылған.

26,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Кәсіпкерліктен түскен салық түсімі – 2,7 млрд. теңге, бұл жалпы  бюджеттік түсімдердің  27,3%  құрады (салықтық түсімдер -9,9 млрд. тенге).

Жыл  басынан  бері  3 кәсіпкерлік  нысандары  ашылып (дүкен, бизнес  орталығы,  сауықтыру кешені), 34 адам  жаңа  жұмыс  орындарымен  қамтылды.

 

Бөлшек тауар айналымының көлемі 12,9 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны- 6,5%. НКИ-99,5%.

 

 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 900 млн.теңгеге   5 жоба   мақұлданған:

- «ADK Index» ЖШС- құрылыс  материалдарын шығаратын зауытты  жаңғырту, жоба құны - 115,0 млн. теңге;

- «P.T.Z.» ЖШС – кеңселік мебелдер шығаратын  зауытты кеңейту, жоба құны - 500,0 млн. теңге;

- ЖК «Садыков С.А.» - сүтті  бағытындағы сиырлар сатып алу, жоба құны -60,0 млн. теңге;

 - ШК «Славянка» - сүтті  бағытындағы сиырлар сатып алу, жоба құны -69,9 млн. теңге;

- ЖШС «Дана» Жеке білім беру мектебі  - жоғары мектеп ғимараттарының құрылысын жүргізу, жоба құны - 155,0 млн. теңге.

 

 3 жоба  2015 млн.теңгеге  екінші деңгейлі банктерде  қарастырылуда:

- ЖК «Есжан», жоба құны - 250,0 млн.теңге;

- «OI-QARAGAI  LESNAYA SKAZKA» ЖШС,  жоба құны – 1700,0 млн.теңге;

- Найля ШҚ,  жоба құны - 65,0 млн.теңге.

Инвестия, құрылыс, тұрғын -үй

Негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 10,2 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 105,4%.

Құрылыс  жұмыстарының  көлемі 1,5 млрд.теңге,  нақты  индекс  көлемі  —101,3 %.

36,3 мың шаршы метр  тұрғын үй  пайдалануға  берілген,  2019 жылмен  салыстырғанда  102,1 %  өскен.

Талғар  қаласында  170 пәтерлі  9,2 мың ш. м.  құрайтын   несиелік,  170  пәтерлі  9,1 мың ш. м.  құрайтын   жалгерлік  тұрғын-үй  іске  қосылады  (барлығы 340 пәтер 18,3 мың ш. м.).  Осы үйлердің құрылыс  жұмыстарын аяқтауға  бөлінген 858,0 млн.теңгенің  146,9 млн. теңгесі игерілген.  Инфрақұрылымына  24,3 млн. теңге   бөлінген. Жұмыстар жүргізілуде. 120 пәтерлі  2  жалгерлік  үйді  аяқтау   сәуір айына, қалған    220 пәтерлі  4 үйді  мамыр айына  аяқтау  жоспарлануда.

Сондай – ақ,  72 пәтерлі 5  тұрғын үйдің  ЖСҚ  жасауға  бюджеттен 139,7 млн. теңге,   осы үйлердің  инфрақұрылымын  салуға ЖСҚ  даярлауға  64,3 млн. теңге қаржы  қарастырылған. Мемлекеттік  сатып  алу  жұмыстарының  қорытындысы бойынша «Жетісу Саулет Құрылысы» ЖШС (3 үй) , «Стройтекс»  компаниялары  (2 үй) жұмысты жүргізуде.

 

Бюджет

Бюджетке  9,8 млрд.теңге салықтық  түсімдер  жиналып,  жоспар 78,4 % орындалған.  Оның  ішінде  республикалық  бюджетке –6,5 млрд.теңге (жоспар 67,4 %), жергілікті бюджетке – 3,3 млрд.теңге   түсімдер   жиналған  (жоспар 115,5 %).

Аудандық бюджетке  1,9 млрд.теңге  түсіп,  болжам  114,3 %-ға  орындалған.

Ауылдық бюджетке  506,8 млн. теңге  түсіп, болжам 107,4 %-ға   орындалған.

 

Бюджет  шығындарының  көлемі  7,1 млрд. теңгені құрап   99,9 %-ға орындалды.

 

Су, БМК, газ

47 елді мекеннің 44-де су жүйесі орталықтандырылған, қамту деңгейі - 93,6%. Еламан, Орман, Жанаарна ауылдары орталықтандырылмаған.  

Еламан   ауылының су жүйесінің  құрылыс  жұмыстарына бөлінген  175,6 млн. теңгеге мемлекеттік  сатып  алу  конкурсы  аяқталып, келісім шарт жасалды.

Өткен  жылдан  өтпелі су жүйесінің  құрылыс  жұмыстарына   бөлінген   2  жоба,    Нұра ауылы Байдыбек  би, Төле би  шағын аудандарына  274,1 млн. теңге, Туғанбай  ауылына 211,5 млн. теңгегенің  жұмыстары жүргізілуде.  

Аудандағы 47 елді мекеннің 26-сына  газ  жүргізілген, немесе  56,4%.

 

Жолдар

Талғар қаласының (Муратбаев, Павлов көшелері) жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына  184,7 млн. теңге, Бесағаш  ауылына  (Ломоносов, Құрманғазы) 77,1 млн. теңге, Еркін ауылына (Байсеитова көшесі) 42,1 млн. теңге бөлінген.

Талғар қаласы мен 5 ауылдық  округтің (Алатау, Кеңдала, Панфилов, Белбұлақ, Қайнар а/о) жолдарына  170,0 млн. теңгеге  ағымды  жөндеу  жұмыстары  жүргізіледі.

Осы аталған жобалар бойынша жұмыстар   мерзімінде  орындалады.

 

Туздыбастау ауылының Жылқыбай  көшесіне  бағдаршам  орнатуға 10,4  млн. теңге бөлінген.  

«Өңірлерді  дамыту» бағдарламасы  бойынша 13,2 млн. теңгеге 2 жоба  бойынша Еркін, Көктал  (Қайнар а/о) ауылдарының  1150 шаршы метр  жолдарына ағымды жөндеу жұмыстары  жүргізілуде.  

 

Білім саласы

Ауданның 42 мектебінде  42403 оқушы білім  алып, 3984 мұғалімдер қызмет етеді.

Қазіргі   елдегі короновирус  жағдайына байланысты  мектеп  оқушылары 2019-2020   оқу  жылының  III – тоқсанын  16 наурыздан  бастап  аяқтады.  Қазіргі  таңда  барлық мектептер  қашықтықтан  оқытылуда. Пошта  байланысы  арқылы   оқып  жатқан  оқушылар  жоқ. Ауданның 20 орта мектептеріндегі   аз  қамтамасыз етілген   отбасылардың   балалары   үшін 140 компьютер  сатып  алынды (№ 1,7,13,14,30,31,32,34,42,21,22,23,40,41,12,16,11,17,29,24 орта мектептер).

2019-2020 оқу жылының III -тоқсанында білім сапасы 62,2 %.

2019-2020 оқу жылында 2 мектеп үш ауысыммен  оқытылуда (Талдыбұлақ а. №34 ОМ, Жаңалық а. №37 ОМ).

 24 мектебі жоқ елді  мекен  және  саяжайлар мен ықшам аудандардан 2526 оқушы 13 мектепке тасымалданып   оқытылды.

         27 білім беру мекемесінде 77 мүмкіндігі шектеулі балалармен 10 дефектолог, 26 логопед маман жұмыс жасады. Қазіргі  таңда  денсаулығына байланысты 148 бала да   қашықтықтан оқытылуда.

169 ата-анасының қамқорынсыз қалған, 79 жетім балаларға бюджеттен 77 млн. теңге қаржы  төленген.    

 Жалпылама оқуға тарту қорынан 4056 оқушыны тегін ыстық тамақтандыруға бөлінген  220 млн. теңгегенің   35,8  млн. теңгесі   жұмсалған.  

32 мектептің асханасында 34388 оқушыға ыстық тамақтану, 10 мектептің буфетінде – 7868 оқушыға қоғамдық тамақтану ұйымдастырылды.

Барлық  мектептер 100% интернет жүйесімен  қамтамасыз етілген.

Жалпы ауданның 25  орта  мектебі,  6 мемлекеттік  бала бақша , 3 мектептен тыс мекемесі   газға  қосылған.         

Ауданда 6 мемлекеттік бала бақшада – 1025 бала, 94 жекеменшік балабақшада - 7300 бүлдіршін, сонымен қатар 29 мектептегі шағын орталықта 1250 бала тәрбиеленуде. Жалпы аудан бойынша қамтылу пайызы 98,7%  құрап отыр. Қазіргі уақытта кезекте тұрған бала саны - 5010.

 

Денсаулық сақтау саласы 

Өткен  мерзім  ішінде  жалпы  туу көрсеткіші   өткен  жылмен  салыстарғанда  163 жағдайға  өскен. Жалпы өлім көрсеткіші 19 жағдайға төмендеген, оның ішінде қатерлі  ісік бойынша   5 жағдай, уланғандар мен жарақат  алғандардан  қайтыс болғандар  5  жағдай.

372,6 млн. теңгеге  дәрі – дәрмектер, 19,1 млн. теңгеге  медициналық  қондырғылар  сатып алынып, денсаулық сақтау  жабдықтарымен  қамтамасыз ету   93,4 % құрады.

 

Еңбекпен қамту

«Еңбек» Нәтижелі  жұмыспен қамтуды және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту бағдарламасы  бойынша  50 адам  әлеуметтік жұмыс орындарына,  16 адам  жастар тәжірибесіне,  337 адам қоғамдық жұмыстарға  жіберілді. 27,1 млн. теңге  игерілген.

  Біржолғы материалдық көмек Ауған соғысына қатысқан 171 азаматқа  8,6 млн.теңге және пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтарға -0,04 млн тенге төленді, «Bek Air» әуе компаниясында борт-серік  болып жұмыс істеген М.Е.Валиулинаға 1,0 млн тенге қаржы төленді.

9 ҰОС ардагерлерінің коммуналдық қызметтеріне әлеуметтік көмек 250,0 мың.тенге төленді.

«Инватакси» қызметі мүмкіндігі шектеулі 1161 азаматтарға 4473 тапсырыс бойынша қызмет көрсетілді.     

 

Спорт, туризм,  мәдениет

Ауданда   242  спорттық нысан  халыққа қызмет етуде.  Оның         3 стадион, 2 спорттық сауықтыру кешен, 9 жүзу бассейн, 63 спортзал, 56 спорт алаңдары, 57 футбол алаңы, 12 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары, 6 теннис корты, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабық  хоккей алаңы, 5 спорт мектебі және т.б. 24 спорттық объектілері. Жалпы аудан халқының  29,9%   денешынықтыру және  спортпен  айналысуда. 

Ауданда  28 туристік объетілер  қызмет  көрсетеді. Оның   5 демалыс  үйі, 4 демалыс базасы,  2 сауықтыру лагері  мен                  17 қонақ үйлер.  Осы туристік  нысандарда 85 мың адамға 964,5   млн. теңгеге   қызмет  көрсетілген.    

 

 «Дипломмен  ауылға» бағдарламасымен   әлеуметтік  саланың   45 маманы  11,9  млн. теңгеге    бір  жолғы    көтерме  жәрдемақыларын  алған.  

 

 

Қылмыс

2020 жылдың 1-тоқсанында  жалпы  432 қылмыстар тіркеліп, өткен  жылмен  салыстарғанда  294 жағдайға  азайған  (2019 ж. – 726).       

Оның ішінде  ауыр қылмыстар керісінше 111 жағдайға, өте ауыр қылмыстар 1 жағдайға  өскен.

 

 

 

                                                

 

Дата публикации
04 июня 2020
Дата обновления
04 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы