Меню

Страницы

Статья

Құрметті Талғар ауданының тұрғындары!!!

       

Құрметті Талғар ауданының тұрғындары!!!

 

            Талғар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жеке көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі және пайдалануы туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

            Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін заңнамада белгіленген тәртіппен: Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарында атында есепте тұрған және Қазақстан Республикасына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген сол жақтан жүретін көлік құралдарын еспке алу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағының 1,1 тармақшасына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін алым және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлемімен жүзеге асырады;             Көлік құралын тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік құралы иелерінің талабы бойынша Армения Республикасының уәкілетті органдары берген көлік құралдарының түпнұсқалары мен мемлекеттік тіркеу нөмерінің сақталуын және осы қаулының 1-тармағының, 1 тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын Қазақстан Республикасынан тыс жерге тасымалдаған кезде қайтарып беруді қамтамасыз етеді.             Қазақстан Республикасының Қаржы, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктері осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тіркелген көлік құралдарының иелеріне салық міндеттемелерін төлеу және міндетті техникалық тексерулерден өту мүмкіндігін қамтамасыз етсін.            Қазақстан Республикасының Қаржы және Ішкі істер министрліктері Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Армения Республикасынан Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін көлік құралдарын әкелген тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шаралар қолданады.            Бас прокуратураға (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараларын басқа елдердің уәкілетті органдарында тіркелген көлік құралдары кесіп өтуі, олардың иелері және оларды басқаратын адамдар туралы ақпаратқа ішкі істер органына қол жетімділігін ұйымдастыру үшін 2021 жылғы 1 желтоқсанына дейін «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» және «Бүркіт» ведомстволық ақпараттық жүйелерінің интеграциялануын қамтамасыз етсін.

Дата публикации
03 июня 2020
Дата обновления
03 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы