Меню

Страницы

Статья

«Мерейлі отбасы-2023» Ұлттық байқауы

Алматы облысының Талғар ауданында өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі .

Конкурсқа әкімдіктердің аудандық (қалалық, ауылдық) комиссияларға 24 сәуір мен 24 мамыр аралықтарында қатысуға өтінім арқылы,өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар (үміткерлер) қатысады. 

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысады (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғанұйымдардың құрамына кіретін  мүшелері бар,  бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық деңгейде.

Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз және электрондық нұсқада аудандық (қалалық) комиссияға келесі құжаттар тапсырылады:

1) Конкурсқа қатысу үшін аудандық комиссияға электронды және қағаз жүзінде өтінім беру;

2) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

3) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

4) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

5) сотталмағаны туралы бас прокуратураның анықтамасы; 

6) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

7) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екі);

8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері, слайд, отбасылық фото және т.б.;

9) Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

10)  Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Барлық сұрақтар бойынша аудандық ішкі  саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне хабарласуға болады.

Байланыс телефондары: 2284,23114.  Электронды пошта: talgar_ovp@mail.ru

Дата публикации
18 апреля 2023
Дата обновления
18 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы