«Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 10-20 сәуір аралығында «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ, «Талғар ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Туындаған мәселелер бойынша «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ телефоны арқылы хабарласуға болады:
8 (72774) 2-50-87
8 (727) 296-66-70.