Шылымды шегуден абайсыздық салдарынан болған өрт бастапқы кезеңінде байқалмайды, сондықтан да ол қауіпті. Сөндірілмеген шылым немесе оның ұшқыны синтетикалық төсенішке, немесе төсек орынға түскен жағдайда ол лап беріп жанбайды, ол бықсып, пәтердегі адамға қатер төндіретін тұншықтырушы газдың концентрациясының жиналуына әкеледі. Адамдардың өздерінің өрт қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлығы салдарынан, көбіне өлімге әкеп соқтырады.
Ұзақ уақыт бойы ішімдіктен тәуелді адам ақылынан жаңылып және өз ісіне жауап бермей, нәтижесінде тұтанған темекімен ұзақ ұйқыға кетіп, қайғылы жағдайлардан адамдар жарақат алады және улағыш газдан қаза болады. Осындай себептен болған өрттерді атап шығуға болады, бірақ ең зұлымы бұл мас күйінде төсекте темекі шегу болып табылады.
От жалынының сұрапыл салдарын болдырмау үшін, білген дұрыс, өртті сөндіргеннен гөрі алдын алған оңай, себебі от адамға бағынбайды, осыны есте сақтаңыздар.
Талғар ауданының ТЖБ