Меню

Страницы

Статья

Талғар ауданындағы дене шынықтыру және спорт туралы ақпарат

Жер жәннаты Жетісу жерінде өзінің табиғи тұрғыдан орналасуына байланысты Талғар ауданы Алматы облысындағы туризмді дамыту орталығына айналатынына мүмкіншіліктері мол. Аудан аумағында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, «Талғар шыңы» (5017 м.), «Нұрсұлтан шыңы» (4376 м.) орналасқан. Бүкіләлемдік ЮНЕСКО қорының тізіміне кірген Ұлы Жібек жолында тұрған тарихи ескерткіштеріміздің бірі «Талхиз» қалашығыда біздің ауданымызда.       

Жер жәннаты Жетісу жерінде өзінің табиғи тұрғыдан орналасуына байланысты Талғар ауданы Алматы облысындағы туризмді дамыту орталығына айналатынына мүмкіншіліктері мол. Аудан аумағында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, «Талғар шыңы» (5017 м.), «Нұрсұлтан шыңы» (4376 м.) орналасқан. Бүкіләлемдік ЮНЕСКО қорының тізіміне кірген Ұлы Жібек жолында тұрған тарихи ескерткіштеріміздің бірі «Талхиз» қалашығыда біздің ауданымызда.

Статистикалық мәлеметтерге сәйкес 2018 жылы инфрақұрылымды нысандар саны 23 бірлік құрап отыр, оның 13 қонақ үйлер, 4 демалыс үйі 1 шипажай, 2 сауықтыру лагері, 3 демалыс аймақтары. Бүгінгі күнде аудан көлемінде орналасқан барлық туристік объектілер, фирмалар, сондай-ақ шипажайлар мен демалыс үйлері 1001,2 млн. теңге көлемінде туристік-сауықтыру ақылы қызметін көрсетті. Бұл көрсеткішті ағымдағы жылдың аяғына дейін 1515,9 млн.тг. жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша азаматтарға ішкі туризм бойынша көрсетілген қызмет 20350 адамға жетті. 2018 жылдың аяғына дейін бұл көрсеткішті 39690 адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Алматы облысында туризмді дамыту Мастер-жоспарының және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша туризм саласын дамыту көрсеткіштерін көтеру бойынша аудан бойынша жұмыстар жасалынуда.

Елбасының бес институтциалдық реформасының 57 қадамын жүзеге асыру үшін Талғар ауданы Облыстық туризм басқармасымен келісіп, іс-шаралар жоспарын әзірледі. 57 қадам - Туристік кластерлер үздік тәжірибесі бар стратегиялық (зәкірлік) инвесторларды тарту. Бұл тармақ бойынша ҚР инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) теңорындаушысыз жауапты болып анықталған. Министрлікпен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға 4 зәкірлік жобаларды іске асыру туралы ұсыныс енгізілді. Осы жобалардың бірі Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» халықаралық туристік орталығы. Аталған жобаның инвесторы «Steppe Capital» АҚ. Мұндағы өзекті мәселе - Алматы қаласы мен Ақбұлақ объектісі арасында көліктік инфрақұрылымды жаңғырту қажет.

Сонымен қатар, 2018 жылы Бесағаш ауылдық округінде қонақ үй құрылысы салынады деп жоспарланған.

Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету.
 
Талғар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Қазақстан Республикасының Заңы, Алматы облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы 2015 жылғы 14 тамыздағы № 315 қаулысының негізінде «Екінші және үшінші спорттық, жасөспірімдер арасында бірінші, екінші және үшінші, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер, екінші санатты спорттық төреші» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
 
1. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде; 2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) ресми ақпарат көздерiнде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендiлерде орналастырылады. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берiлуi мүмкiн.
 
2. Мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жеткiзгiште 5 жыл мерзiмге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзiндi не мемлекеттiк көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады. 3. Мемлекеттiк қызмет жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешiлерiне (бұдан әрi - алушылар) спорттық разрядтары мен бiлiктiлiктердi ресми тану мақсатында көрсетiледi. 4.Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: 1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады); 2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды. 5. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. 6. Мемлекеттiк қызмет ХҚК орталығында демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанға дейiн, еңбек заңнамасына сай, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз көрсетiледi.
 
Уәкілетті мекеме: «Талғар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
 
Уәкілетті мекеменің мекен жайы: Талғар ауданы, Талғар қаласы, Қонаев көшесі 65. Тел.: 8/72774/24084, эл.мекен жай: talgarsport@mail.ru.
 
Талғар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі 2017 жылы 299 адамға мемлекеттiк қызмет көрсетті.
 
2018 жылдың қыркүйек айына дейінгі мерзімде барлығы 230-ға жуық азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
 
А. Нұрманов,
 
Аудандық дене шынықтыру 
 
және спорт бөлімінің басшысы.
Дата публикации
02 июня 2020
Дата обновления
02 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы