Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Қазіргі әлемде елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының интеллект деңгейімен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сәйкес дамуы тиіс. 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасы үздік халықаралық стандарттар бойынша сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейтеді.
Нысаналы индикаторлар:
Жоғары білім
Жоғары оқу орындарының 65% - ы халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтеді.
ЖОО-ның 30% тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өтеді.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі 2015 жылға қарай - 78%, 2020 жылға қарай - 80% құрайды.
ТжКБ
Колледждердің 30% - ы ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтеді.
ТжКБ оқу орындарының жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналастырылған түлектерінің мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды аяқтағаннан кейін бірінші жылы үлесі 2015 жылы - 78%, 2020 жылы - 80% құрайды.
Орта білім
12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылатын болады
Электрондық оқыту жүйесін 2015 жылға қарай мектептердің 50% - ы, 2020 жылға қарай 90% - ы енгізеді.
Шағын жинақталған мектептер үшін 160 "тірек мектебі" - ресурстық орталықтар құрылады.
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 2015 жылға қарай 30% - ға дейін, 2020 жылға қарай 70% - ға дейін артады.
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беретін оқу бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылардың үлесі 70% - ға дейін артады.
Мектепке дейінгі тәрбие
2020 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамту қамтамасыз етіледі.