"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына сәйкес.
1. Салық агентінің ұстап қалуға және (немесе) бюджетке аударуға жататын салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы –жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – салықтың және басқа да міндетті төлемдердің ұсталмаған сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын ұсталған салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы –жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұсталған (ұстап қалуға жататын) сомалары бойынша, оларды бюджетке Мемлекеттік кірістер органына қосымша салық есептілігі табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аударған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Талғар ауданы бойынша