Меню

Страницы

Статья

Азаматтық қорғаныс күніне орай өткізілген шаралар бойынша дайджест

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Талғар ауданы ТЖБ және Талғар қаласы 2-МӨСБ қызметкерлері Талғар ауданында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған бір қатар профилактикалық іс-шаралар өткізілді. ТЖБ қызметкерлерімен білім беру мекемесінің қолдауымен, білім беру объектілерінде оқұ жаттығулар және сабақтар өткізілді. Аталған шаралар шеңберінде, оқушылармен азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, “Дармен” мобильдік қосымша, ҚР ТЖМ АҚА түсу шарттары бойынша сабақтар өткізілді, “Жас құтқарушылар” кадеттік сыныптарымен саптық қараулар және нұсқаулықтар жүргізілді.

Сонымен қатар, Орта Азиядағы ең ірі баспаханалардың бірі "Интелсервис" ЖШС-де Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған алдын алу іс-шаралары өткізілді. Осы іс-шаралардың мақсаты, персоналды табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындаған кезде дағдыларға және іс-қимылдарға, өрт туындаған кезде іс-қимылдарға (тұрмыста, өндірістік және әкімшілік объектілерде) үйрету. Өрт шыққан кезде қызметкерлерді қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар, іс жүзінде жүзеге асыру және өткізу тәртібін түсіндірумен кешенді оқу-жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ, АҚ және ӨҚ бойынша жадынамалар мен брошюраларды таратумен дәріс өткізілді, өрт сөндіргішті іс жүзінде қолданумен нұсқаулық өткізілді, өрт анық ажырап, ұнтақты өрт сөндіргіштің көмегімен сөндірілді.

Сонымен қатар, "Интеллсервис" ЖШС қызметкерлері үшін 100-ден астам адамға өрт сөндіру автотехникасы, құтқару жабдықтары мен авариялық-құтқару жұмыстарына арналған құрал-саймандарды көрсетумен көшпелі "Ашық есік күні" ұйымдастырылды

Алматы облысының Баспасөз қызметі

 

 

 

Дата публикации
28 марта 2023
Дата обновления
28 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы