Меню

Страницы

Статья

Талғар ауданындағы жылыту маусымының нәтижелері бойынша дайдежст

Отопительный сезон подходит к концу, но все еще имеют место случаи отравления угарным газом. В целом начиная с августа 2022 года по март 2023 года сотрудниками ОЧС Талгарского района проведены большое количество мероприятий. О некоторых из них вы узнаете в данной статье. Жылыту маусымы аяқталуда, бірақ улы газбен улану фактілері әлі де болады. Жалпы, 2022 жылғы тамызынан бастап 2023 жылғы наурыз айына дейін көптеген шаралар өткізілді. Сол атқарылған шаралар бойынша кейбіреулері туралы осы мақалада білесіздер.

2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы басталғанынан халықтың әлеуметтік осал топтарының  үйлерінде жоспар бойынша 1054 аралау жүргізілді, баспа басылымдарында 39 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 260 жарияланым, «Жетісу» телеарнасы арқылы 3 репортаж көрсетілді, сондай-ақ халықпен жиындар мен рейдтік іс-шаралар және 10 өрт қауіпсіздігі бойынша акциялар өткізілді, дауыс ұлғайтқыш құралдары арқылы 4150 шығулар болған, радио арықылы 10 шығулар болды, 3 брифинг өткізілді. 2022 жылға жергілікті бюджет қаражатынан жоспарланған 72 түтін хабарлағышы және 165 улы газ анықтау датчиктеріне қаражат бөлініп, сатып алынды, қазіргі уақытта барлығы орнатылған. Халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларында,  Талғар қ.  әкімдіктерімен бірлесіп, 10 отбасына (жалғыз басты зейнеткер, инвалидттер және көп балалы отбасылар)  улы газ датчигін орнату, пештің түтіндігін тазалау және жарықтар бітеу түрінде өрт-профилактикалық көмек көрсетілді.

Адамдардың қазасына әкеліп соқтыратын тұншықтырғыш газбен улану, адамдардың қауіпті жағдайларының бірі болып табылады. Мұндай жағдай жылу көзі пеш ақауының, қозғалтқышы қосылған жабық автомобиль ішінде, адамдардың өрт ошағында болуы нәтижесінде болады. Тұншықтырғыш газдың иісі жоқ және онымен улану білінбеуі мүмкін, ол барлық от жағылатын жерлерде пайда болады. Демалатын ауа құрамында тұншықтырғыш газдың шамадан тыс мөлшерде болуы әсерінен адамдар бас ауыруы мен тұншығу сезімін сезінеді. Тұншықтырғыш газ қосылымының жоғарлауында сал ауруы мен естен танып қалады (30 минуттан кейін қаза болады).  Тұншықтырғыш газдың  пайда болуының негізгі себебі - от жағылған жерде оттегінің жетіспеуі.   Адамға тұнышықтырғыш газдың әсер ету механизмі, ол қанға кіргеннен соң, гемоглобин талшықтарын шырмаудан тұрады. Нәтижесінде гемоглобин оттегін өткізу қабілетінен айрылады. Адам неғұрлым тұншықтырғыш газбен дем алса,  соғұрлым оның қанындағы гемоглобиннің жұмыс жасау қабілеті азаяды және организм соғұрлым аз оттегін алады. Адам тұншыға бастайды, басы ауырып есінен жаңыла бастайды. Егер мезгілімен таза ауаға шықпаса (немесе есінен танған адамды таза ауаға шығармаса), қаза болуы мүмкін.
Тұншықтырғыш газбен уланудың белгілері: бұлшық еттің әлсізденуі, бас айналуы, жүрек айнуы, құлағындағы шуыл. Дем алысы тоқтағаннан кейін жүрек біраз уақыт жұмыс жасауы мүмкін. Адамдардың 2-3 жұма өткен соң да улану салдарынан қаза болуы жағдайлары орын алған. Пайдаланылған газдарды шығаратын ең көп тараған көздер – бұл газ немесе май жағып жанатын пештер, ағаш жағатын пештер, газ құралдары, су жылытқыш және қозғалтқыштар. Пештегі жарықшақтар, түтін шығатын құбырлардың бітеліп қалуы тұншықтыратын газдың тұрғын үй ішіне тарауына мүмкіндік береді. Пешке таза ауаның толықсыз келуі тұншықтырғыш газдың жиналуына әсер жасауы мүмкін. Тұншықтырғыш газбен улану нәтижесіндегі қолайсыз жағдайлардың алдын алуға болады: тұншықтырғыш газдың шығуына жол бермеу; зардап шеккенді таза ауаға шығару; егер зардап шеккен есінен танбаса, оны жатқызып тыным беру және (газетті бұлғап, желдеткіш немесе кондиционерді қосып) таза ауамен үздіксіз қамтамасыз ету; егер зардап шеккен есінен танып жатса, жедел көмек келгенше немесе есін жинағанша жедел жүрегіне массаж  және жасанды демалу жасау қажет. Зардап шеккенді үйден шығару кезінде, онда қауіпті тұншықтырғыш газ қосылымы барын, есіңізде сақтаңыз, уланып қалмау үшін ең алдымен, өзіңізді қауіпсіздендіру керек. Ол үшін тез әрекет жасау және қол орамал немесе дәке арқылы дем алу қажет.

Улы газбен улануды алдын алу мақсатында, Талғар гарнизонының азаматтық қорғау қызметкерлерімен апта  жоғарыда айтылған шаралар және өрт қауіпсіздік сенбіліктері өткізілді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

 

Дата публикации
28 марта 2023
Дата обновления
28 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы