Меню

Страницы

Статья

Сырғыма

Талғар ауданының ТЖБ хабарлайды!

Көшкін адам өміріне қауіп төндіреді және әдетте көшкін процестерінің пайда болуының негізгі себептері мол жауын-шашын нәтижесінде топырақтың ылғалдануы, тау бөктерін кесу, жер сілкінісі, су құбырлары мен септиктер құбырлары жарылуы, сондай-ақ тау бөктеріндегі аудандарда егін топырақтарында саулет жұмыстары және адамның өзге қызметі (жарылыс жұмыстары). Солай, «сырғыма» ұғымын қарастырайық.

Сырғыма – ауырлық күшінің әсерінен тау мен жыралар, теңіздердің, көлдер мен өзендердің тік жағалаулары бойынша топырақ пен тау жыныстары массаларының төменге жылжуы (сырғуы). Көшкін кезіндегі топырақ көлемі ондаған және жүз мың текше метрге, ал жекелеген жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың жылжу жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқиды. Сырғыма жылжуының ең үлкен жылдамдығы жер сілкінісі кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын және өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылыстарының, магистральды құбырлардың және электр беру желілерінің қирауы мен үйінділерін, сондай-ақ адамдардың зақымдануы мен өлуін тудыруы мүмкін.

Ескерту іс-шаралары

Сырғыма өтетін қаіпі бар орындар туралы ақпаратты және сырғыма болуы  мүмкін туралы хабарды оқыңыз, сондай-ақ "Қазселденқорғау" қызметкерлерінің мониторингісін елемемеңіз, дауылды ескертулер және туындау қаупі туралы хабарлау сигналдары сондай-ақ осы сигналды беру кезіндегі әрекет ету тәртібін қараңыз. Жылжып келе жатқан сырғыма белгілері ғимараттардың есіктері мен терезелерінің сынуы болып табылады, сырғыма қаупі бар баурайларда суды ағызу. Белгілер пайда болған кезде жақындап келе жатқан сырғыма туралы 101/112 нөмірлері бойынша ТЖ қызметіне хабарлаңыз, ал өзіңіз жағдайға байланысты әрекет етіңіз.

Құрметті Талғар ауданының тұрғындары!

  1. Сырғыма қаупі туралы дауылды ескертулер жарияланған кезде тау баурайларына және басқа да қауіпті учаскелерге баруға тыйым салынады;
  2. Тұрғын және саяжай массивтерін, тау-кен орындарында,. тау бөктеріндегі, тау бөктеріндегі курорттар, спорт базалары және басқа да объектілерді және басқа да қауіпті аймақтарда, кесу жолдар мен объектілер астындағы беткейлерде ғимараттар салуға болмайды.

Сырғыма кезінде қалай әрекет ету керек.

 

Сырғыманың пайда болу қаупі туралы сигналдарды алған кезде электр құралдарын, газ аспаптарын және су құбыры желісін өшіріңіз, алдын ала әзірленген жоспарлар бойынша дереу эвакуациялауға дайын болыңыз. Сырғыма қаіпі анықталғанына бар байланысты, сырғыма жылжу жылдамдығына қарай, барлық қауіпті ескере отырып әрекет етіңіз. Ығысу жылдамдығы әлсіз болғанда (айына метр) өз мүмкіндіктеріңізге байланысты әрекет етіңіз (құрылысты алдын ала белгіленген орынға, жиһаз, заттар және т.б. көшіріңіз). Тәулігіне жылдамдық 0,5-1,0 м-ден астам ығыстыры кезінде алдын алу жасалған жоспары бойынша эвакуациаланыңыз. Эвакуациялау кезінде өзімен бірге құндылықтарды және құжаттарды алыңыз, жағдайға қарай және әкімшіліктің нұсқауларына байланысты жылы заттар мен азық-түлік алыңыз. Жедел қауіпсіз жерге көшіңіз және қажет болса, құтқарушыларға құламадан адамдарды шығарып алуға көмектесіңіз және оларға көмек көрсетіңіз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Дата публикации
28 марта 2023
Дата обновления
28 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы