Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі!

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысыны­ң саясатының арқасында қоғам дамуыны­ң барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер болды­.

Соның ішінде мемлекет­тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.

Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіріп, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет. Мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. 

Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау. 

Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиім­ділігінің басты көрсет­кіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс.

Ел Президентінің  жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында  тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру  маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.  Елбасының  айқындап берген  тапсырма, міндеттеріне сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуір күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды. 

Қабылданған Заң  талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы  және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік  қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен  қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты,  олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты нормалар енгізілген. Ал мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау мен оны бағалау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және оның аумақтық құрылымдарына берілген. Яғни, уәкілетті органға қызмет беруші мен қызмет алушыға қанағаттанбау себебін анықтауға бағытталған кешенді  зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдар  тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілу заңнамасын сақтамау, уақытылы бақыламау мен қызмет алушылардың шағымдарын толық әрі уақытылы қанағаттандырмау себептерін зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттелген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:

- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

-   мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік болып табылады.

        Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті. Және де  мемлекеттік қызметтерді көрсету, «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы, «е-үкімет» төлемдік шлюзі, «е-нотариат» бірыңғай нотариалдық жүйесі сияқты жүйелер енгізіліп, халыққа электрондық сандық қолтаңбалар берілуімен,  елдің қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістері әліде – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының көрсеткіштерін 90 пайызға жеткізуге, осы ретте қабылданған шаралар қызмет көрсетушілердің тиімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілердің азаюына ықпал жасайтынына сенеміз.

 

 

 

«Талар аласы әкімінің аппараты» ММ

Бас маман Г.Билибаева

 

Дата публикации
21 декабря 2022
Дата обновления
21 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы