Меню

Страницы

Статья

Атаулы әлеуметтік көмекті алу жолы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 маусымда № 11426 тіркелген.

Атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен, яғни АӘК тоқсан сайын тағайындалады. Әр тоқсан басында жергілікті әкімшілікке келіп толық құжат тапсырылады.

2018 жылғы тәртіп бойынша адам басына 21 мың теңге берілмейді, яғни, отбасының орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына жетпейтін болса, орташа табыстың кедейлік шегінен айырмасы ғана төленеді.  Алматы облысы бойынша 2022 жылдың 3 тоқсанына күнкөріс деңгейінің 70 пайызы 32 192 теңгені құрайды. Есесіне АӘК алушы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама алады. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама түрлері; Азық- түлік айына 1 рет, гигиеналық құралдар тоқсанына 1 рет беріледі.

а) «Мектеп жасына дейінгі балалар жасына қарай Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес, баланың физиологиялық ерекшелігін және тағамдық құндылығын арттыру мақсатында азық – түлік топтамасымен және гигиеналық құралдармен» қамтамасыз етіледі.

б) «Мектеп жасындағы балалар мектеп формасы, мектеп құралдарымен, мектептегі ыстық тамақпен және мектепке қатынауға жол жүру жеңілдіктері» қарастырылады.

АӘК алатын отбасындағы еңбекке жарамды азаматтарға жұмыс ұсынылады. Егер одан бас тартса АӘК беру отбасына толық тоқтатылады. Бұл санатқа 1,2 топтағы мүгедектер,  1,2 топтағы мүгедектерге және 80 жастан асқан қарттарға қарап отырған адам, 3 жасқа дейінгі бала күтімімен айналысатын еңбекке жарамды азаматтар, күндізгі оқу орнында оқитын білімгерлер жатпайды.

2022 жылдың екінші тоқсанына Кеңдала ауылдық округі бойынша АӘК сұрап келген 300 астам тұрғындарға кеңес (консультация) берілді. 209 отбасынан өтініш қабылданып, «Е-Халық» жүйесі арқылы 201 өтінішке АӘК тағайындалды.

Дата публикации
19 декабря 2022
Дата обновления
19 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы