Меню

Страницы

Статья

Жаңа Қазақстанда бәрі өзгеше, бәрі жаңаша.

          Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсетуі қазірге таңда электронды құжат түрінде жаңаша жүзеге асырылуда. Ағымдағы жыл басынан округ бойынша жалпы 200-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді.Аталған қызметтерге қоғамдық мониторинг тұрақты түрде Мемлекеттік қызмет істері  жүргізіп отырады. Қоғамдық мониторингтің мақсаты қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, қолжетімділігіне және тәртібіне қанағаттану деңгейін айқындау, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтің сапасы мен қолжетімділігі туралы қызмет алушылардың ұсыныстары негізінде оларды көрсету кезіндегі проблемалық мәселелерді анықтау болып табылады.Зерттеудің негізгі тәсілдеріне мыналар жатады: сандық (жаппай сауалнама) және сапалық («терең сұхбат», «жасырын сатып алушы», фокус-топтық сұхбат).Зерттеу мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалаудың мына негізгі өлшем шарттары бойынша жүргізілді:

- қолжетімділік (қызмет алу барысында ғимаратқа, қызмет алушының сервистеріне, ыңғайлылыққа және жайлылыққа қолжетімділігі);

- ақпарат (қызметті алу тәртібі туралы толық ақпарат);

- қызметкерлер (персоналдың және виртуалды кеңесшілердің жұмысы);

- рәсім, мерзімдер мен күту уақыты, шығындар және кері байланыс (шағымданудың қолданыстағы тәртібіне және нәтижелеріне).

            Онлайн қызметтер әрқашанда қолжетімді болуы тиіс. Бүгінгі таңда қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін 500-ден астам ақпараттық жүйелер мен 1500-нан астам интеграциялар жұмыс істейді. Яғни егов ол тек қана беткі жағы, бірыңғай терезе сияқты. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында қызмет көрсету процестері барынша жетілдірілген және оңтайландырылған дегіміз келеді. Әр қызмет алушыға ашықтықты, дәлдікті қамтамасыз етуге тырысамыз. Округіміздегі мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары әлі де жалғасын таба бермек.

Дата публикации
25 ноября 2022
Дата обновления
25 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТТАРҒА САЙЛАУ 2026

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы