Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімі болуға кандидаттардың ұсыну туралы қорытынды ақпарат

Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының

әкімі болуға кандидаттардың ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,                        2026 жылғы 18 наурызда  Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы                         2026 жылғы 26 сәуіріне Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімін сайлауды тағайындады.

Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамдары, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, шекаралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және «Alatau Zhuldyzy» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 27 учаскелік сайлау комиссиялары, 202 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Талғар қаласының сайлаушылар саны 43 132 адамды құрайды.

2026 жылдың 19 наурызынан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2026 жылдың  31 наурызындағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен, 1 кандидат «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 31 наурызда сағат              18:00-де аяқталды.

 

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 марта 2026