Алматы облысы Талғар ауданының Талғар қаласының әкімінің сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

Алматы облысы Талғар ауданының Талғар қаласының

әкімінің  сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                  4-тармағына, 22-бабына сәйкес Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Талғар  ауданының Талғар қаласының әкімін сайлау бойынша сайлау округі  Алматы облысы Талғар  ауданының Талғар қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында құрылсын.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

 

Төраға                                                              Д. Батталгазиев

 

 

Хатшы                                                           Г. Лепесова

 

 

 

 

 

Талғар қаласы

2026 жылғы 18 наурыз

№39

 

 

 

Дата публикации
18 марта 2026