Талғар ауданы әкімінің
2026 жылғы «___» ________
№ _____ өкіміне қосымша
«Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1) Аппарат қызметшілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты іс-әрекетті қалыптастыру;
2) Аппарат қызметшілерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін айқындау;
3) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу болып табылады.
1) заңдылық;
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
3) жариялылық және ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басымдықпен қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы болып табылады.
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, хабарларын, пікірлерін, сұрау салулары мен ұсыныстарын қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
2) адал, әділ, қарапайым болуға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
5) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сыналуға себеп бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануға;
6) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
7) жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге;
8) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауға тиіс.
1) қол астындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін нақты және нақты айқындауға;
2) еңбек жүктемесін олардың жұмыс тәжірибесі мен атқаратын лауазымдарын ескере отырып, қол астындағы қызметкерлер арасында біркелкі бөлуге;
3) қол астындағы қызметкерлердің жұмыс нәтижелерін бағалау, сондай-ақ оларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;
4) қол астындағы қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке, дұрыс емес мінезқұлық фактілеріне жол бермеуге;
5) қол астындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінен тыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін анық орындалмайтын өкімдер, тапсырмалар бермеуге;
6) қол астындағы қызметкерлерді қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеуге;
7) қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол астындағы қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу фактілерінің алдын алуды және жолын кесуді қамтамасыз етуге;
9) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға тиіс.
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында, Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында және мемлекеттік қызметтер көрсетуді регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол бермеуге;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде қаржы нарығы субъектілерінің сұрау салуларына бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдауға;
4) көрсетілетін қызметті алушыларға қолжетімді нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат ұсынуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған бекітілген тізбеге кірмейтін қосымша құжаттар ұсынуды талап етпеуге және сұрамауға;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған өтініштерді, көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау кезінде әуре-сарсаңға салуға жол бермеуге, оларды белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
7) қызметтік емес қарым-қатынастар орнатпауға, өтініш берушілермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде тікелей байланысты барынша азайтуға;
8) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде негізсіз бас тарту жағдайларына жол бермеуге;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қоғамдық мониторингінің нәтижелерін қарауға және мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті рәсімдерді жеңілдету, мерзімдер мен құжаттар тізбесін қысқарту бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін одан әрі оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға тиіс.
1) азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
2) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың заңды мүдделерін бұзуға жол бермеуге;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге тиіс.
1) тағайындауға арналған материалдарды қараудың белгіленген мерзімдерін сақтауға;
2) Аппаратқа жұмысқа қабылдау кезінде Аппарат қызметшілеріне жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйым салулар мен шектеулерді түсіндіруге;
3) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
4) Аппарат қызметшілерінің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеуге;
5) жұмысқа орналасуға кандидаттардан еңбек шартын жасасу үшін қатысы жоқ құжаттарды талап етпеуге;
6) Аппарат қызметшілеріне қатысты объективті және жан-жақты қызметтік тексерулер жүргізуге тиіс.
3-тарау. Өзге де шектеулер, тыйым салулар мен талаптар
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатына адал болуға және оны біртіндеп іске асыруға;
2) заңдылық қағидатын басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Аппарат туралы заңнаманы қатаң сақтауға;
3) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген өкілеттіктерге адал, бейтарап билік етуге және өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауға;
4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, оны ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
5) Аппараттың сатып алуы үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсауға;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуға;
7) конфиденциалдылықты сақтауға және үшінші тұлғаларға қызметтік, коммерциялық (оның ішінде бағалы қағаздар нарығында), банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын, сақтандыру, зейнетақы жинақтары, жеке салымдар (жинақтар) құпиясын, мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу кезінде (оларға қолжетімділік болған кезде) алынған ақпаратты қоса алғанда, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде алынған кез келген тасымалдауыштың кез келген түрлерінде қабылдау үшін қолжетімді кез келген нысандағы өзге де ақпаратты жария етпеуге;
8) мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу жөнінде шаралар қабылдауға;
9) туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау ықтималдығы туралы, ол туралы белгілі болған бойда тікелей басшыны не Аппарат басшылығын жазбаша хабардар етуге;
10) егер мүдделер қақтығысы болса, лауазымдық міндеттерді орындауды тоқтатуға;
11) Аппараттың оң имиджін сақтауға: мінез-құлықтың әдеп нормаларын сақтауға, лауазымдық міндеттерін орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету және жеке тұлғалармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен басқа да сыртқы және ішкі өзара іс-қимыл жасау кезінде дұрыс іс-қимыл көрсетуге тиіс.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын, заңнамада белгіленген әкімшілік және(немесе) қылмыстық жауаптылыққа (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға) әкеп соғатын кінәлі әрекеттерді жасауға;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыруға;
3) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіруге немесе көтермелеуге;
4) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуға;
5) Аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;
6) жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өкілеттіктерді осындай қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға беруге, сондай-ақ өздерінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларын орындауды үшінші тұлғаларға беруге;
7) Аппаратқа келіп түскен кезде және жұмыс бойынша Аппаратта ілгерілету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беруге жол бермеуге;
8) өзінің жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушылардың, асырап алынған балалардың, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), аталарының, әжелерінің, немерелерінің), жұбайының (зайыбының) және (немесе) жекжаттарының (атаанасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) ата-аналарының және балаларының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануға;
9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес өзінің жақын туыстарымен (ата-аналарымен, балаларымен, асырап алушыларымен, асырап алған балаларымен, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апасіңлілерімен (қарындастарымен), аталарымен, әжелерімен, немерелерімен), жұбайымен (зайыбымен) және (немесе) жекжаттарымен (ата-анасы бір және атаанасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерімен (қарындастарымен), атааналарымен және балаларымен) бірлесіп жұмыс істеуге;
10) егер мүдделер қайшылығы болса, лауазымдық міндеттерін атқаруға;
11) Аппаратта үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;
12) шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде заңды және (немесе) жеке тұлғаларға құқыққа қайшы артықшылықтар беруге;
13) өзінің лауазымдық жағдайын мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында пайдалануға;
14) біреуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кәсіпкерлік және кіріс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға кез келген жәрдем көрсетуге;
15) материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер ұсынған адамдардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды қабылдауға;
16) өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдалануға байланысты заңды және жеке тұлғалардан немесе олардың өкілдерінен жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңсыз мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды не мүліктік пайда, ақша, көрсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны алу үшін өз өкілеттіктерін өзге де пайдалануды қабылдауға;
17) Аппарат қызметкерлеріне және өзге тұлғаларға олардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер немесе артықшылықтар алу үшін сыйлықтар беруге және қызметтен тыс қызметтер көрсетуге;
18) инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен акцияларын сатып алуға;
19) кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын мүлікті және өзге де мүлікті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануға;
20) өзінің қызметтегі қызметін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануға;
21) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе шығару мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға;
22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың және оның құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін бұзуға;
23) осы ақпаратты ұсынуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жеке немесе заңды тұлғалардан ақпаратты талап етуге;
24) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпаратты жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруден негізсіз бас тартуға, оның мерзімін кешіктіруге, анық емес немесе толық емес ақпарат беруге;
25) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйғарымға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге, сол сияқты оған арналмаған орындарда немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салынады.