Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат
«Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
«Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру және жүзеге асыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Бөлім тарапынан 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2025 жылдың 11 айында барлығы 600 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде қағаз түрінде – 600 қызмет, оның ішінде жеке тұлғаларға – 500, заңды тұлғаларға – 100 қызмет көрсетілді.
«Электрондық үкімет» порталы және ақпараттық жүйелер арқылы баламалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0, бұл жалпы көрсетілген қызметтердің 0 %-ын құрайды. 2024 жылдың осы кезеңінде де аталған көрсеткіш 0 қызметті (0 %) құраған.
Электрондық форматта көрсетілген қызметтер саны – 0 (ЭҮП – 0, «Е-лицензиялау» – 0, ақпараттық жүйелер – 0). 2024 жылы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 0 % құрады (2023 жылдың 5 айында – 0 %). Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда өзгеріс байқалмайды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында «Алатау Жұлдызы» газетінде 2 мақала жарияланды, 1 тікелей эфир өткізілді, әкім аппаратының ресми парақшасында 1 бейнеролик орналастырылды. Сонымен қатар, бөлімнің ресми парақшасында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жарияланымдар тұрақты түрде жарияланып келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша жеке тұлғалардың өтініштерін қанағаттандыру бағытында атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында анықталған кемшіліктерді жою, ауыл тұрғындарының мәселелерін уақтылы шешу, сондай-ақ арыз-шағымдарға белгіленген мерзімде жауап беру мәселелері тұрақты бақылауда ұсталуы қажет.
«Е-лицензиялау» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі авторизациялау кезеңінде. Қорытынды құжатты алғанға дейін порталдың қолданылу тәртібі, мақсаты және жұмыс істеу қағидаттары «Е-лицензиялау» «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінің сыртқы порталын пайдаланушыға арналған нұсқаулықта айқындалған.