Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері! Талғар ауданының Ішкі саясат бөлімі 2026 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалардың тақырыптарын ұсынады.

Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері!

 

Талғар ауданының Ішкі саясат бөлімі  2026 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалардың тақырыптарын  ұсынады.

 

 

Лот тақырыптары

 

№

Жоспарланған лот тақырыптардың атауы

Қызметтің (лоттың) қысқаша сипаттамасы

 

Мерзімі

Жоспарланған сома (мың теңге)

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің атауы

1

Гендерлік саясатты іске асыруға және отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы әйелдің рөлін анықтауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 жарлығының, ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес, отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың  жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын негізге ала отырып, отбасы-неке институттарының құндылықтарын дәріптеу мақсатында іс-шаралар өткізу:

 -2 семинар  /көпбалалы аналардың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын қолдау мақсатында кәсіби мамандармен бірлескен шара  ұйымдастыру /30-40 адам/;

- 2 семинар /тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, өмірдің қиын кезеңдерін басынан өткеріп жүрген әйелдерге құқықтық және психологиялық көмек көрсету/30-40 адам/;

- 200 дана қазақ және орыс тілдерінде тұрғындарға арналған  отбасы-гендерлік саясатты насихаттау  мазмұнында ақпараттық буклеттер  әзірлеу;

 - «Мерейлі отбасы» байқауына өтініш берген облыстық ішкі саясат басқармасына ұсынатын отбасылардың  түрлі-түсті альбомын, слайд көрсетілімін дайындау  /4 отбасы/;

- «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық іс-шарасын ұйымдастыру және өтінім берген отбасыларға бағалы сыйлықтармен алғыс хаттар дайындау.

- Көлемі 3х6 болатын тақырыптық 2 билборд жасап, орналастыру;

- Мүмкіндігі шектеулі адамдарға психологиялық көмек көрсету, қала мен 10 ауылдық округтерде 14 кездесу өткізу, әр кездесуде кемінде 15-20 адам қамту;

- Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында азық түлік себеттерін дайындап көрсетілген отбасылардың мекен жайларына жеткізіп табыстау 25 отбасы;

- Барлық іс шара аудандық әлеуметтік желілерде, БАҚ-да,  әлеуметтік желілерде жарық көруі тиіс.

Жобаның жүзеге асқандығы туралы шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша) және қаржылық есеп беру.     

Сәуір–қараша

2026 жыл

1,8 млн теңге

2

«Елдің болашағы жастар» мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды  ұйымдастыру

 

 

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасының жастар саясатын іске асыруға  бағытталған іс-шараларды  ұйымдастыру.

- 2 дана билборд ( 3х6  көлемде жасап, орналастыру);

- Талғар қаласы және ауыл округ жастары арасында синтетикалық есірткінің таралуын болдырмау, зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша 14 кездесулер. Әр ауылдық округтен 20-30 адам қатысуы керек. Түсіндірме жұмыстарын өткізу, тақырыпқа сай 200  постерлер, 300-блокнот , қалам-300 жасап шығару.

- Аудан әкімінің  «Жыл үздігі-2025» жастар сыйлығы ұйымдастыру; 

- «Жас отбасы» - мемлекет тірегі”  жас отбасылар аудандық байқауын өткізу;

-  «Жас волонтер» тақырыбына сай  еріктілерге 50 футболка, 50 кепка ұсынып 1 форум өткізу.

- 12 тамыз «Жастар күніне» арналған аудандық іс-шараға алғыс хаттар дайындау.

- 28 маусым Халықаралық тілшілер күніне орай,ауданның тілшілеріне арналған 1 кездесу ұйымастыру. Аудан әкімінің алғыс хатымен бағалы сыйлықтармен марапаттау.

- Барлық іс шара аудандық әлеуметтік желілерде, БАҚ-да,  әлеуметтік желілерде жарық көруі тиіс.

Жобаның жүзеге асқандығы туралы шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша) және қаржылық есеп беру.     

Сәуір–қараша

2026 жыл

 

1,8   млн.теңге

3

Қоғамдық келісімді және жалпы этностық бірлікті нығайту

Мақсаты: Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрлерді жаңғырту және дамыту проблемасына, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға.

Жобада Талғар ауданының этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен Қоғамдық келісім мен жалпы этностық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені қарастырылған

Жобаны іске асыру шеңберінде келесіні қамтамасыз ету қажет:

- Аудан деңгейінде 15 кездесуді ұйымдастыру және өткізу мерейтойларға орайластырылған: аудандық келісім кеңесі өкілдерінің, этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің, тарихшылардың (жастар, ардагерлер, көпбалалы отбасылар және т. б. қатысуымен), әр іс-шарада 20-30 адам және өткізілетін орынның дизайны тақырыптық баннер дайындау); Өткізілген іс-шараларда қатысушыларға алғыс хаттарын дайындау.

- Рухтың күші-әкеде" аудандық форум ұйымдастыру/ әр іс-шараны өткізу орнын рәсімдеу (тақырыптық баннер). Жеңімпаздарды Тапсырыс берушінің келісімі бойынша бағалы сыйлықтармен марапаттау;

- «Ана өмірдің гүлі» тақырыбында аудандық аналар кеңестерінің төрайымдарымен 1 дөңгелек үстел өткізу.

-Жеңістің 80 жылдығына орай, ақсақал ардагерлерді тарта отырып, жастармен кеңейтілген 2 дөңгелек үстел ұйымдастыру.

- Өзге этнос жас өкілдерінің қатысуымен ұлы ақын-жазушылардың әр тілдегі әдеби шығармаларын мәнерлеп оқу үшін әлеуметтік желілерде (Instagram немесе Facebook) эстафета ұйымдастыру. Жеңімпаздарға тапсырыс берушімен келісілген алғыс хатпен сыйлықтар табыстау.

-Атқарылған іс-шараларды аудандық БАҚ-да, әлеуметтік желілерде  жариялау.

Жобаның жүзеге асқандығы туралы шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша) және қаржылық есеп беру.  

 

Сәуір-қараша

2026 жыл

1,8 млн  теңге

4

«Мемлекеттік рәміздер - біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі»

Қазақстан Республикасының   мемлекеттік рәміздерін  пайдалану, орналастыру, құрметпен  қарау бойынша   ақпараттық насихат  шараларын жүзеге  асыру

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің Заңына сәйкес,   аудандағы мемлекеттік рәміздерін  пайдалану, орналастыру, құрметпен  қарау бойынша   ақпараттық насихат  шараларын жүзеге  асыру мақсатында:

- Талғар ауданында орналасқан мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған 14  кездесу   арнайы   кәсіби мамандармен; 

-2 билборд  (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, олардың бейнелерін заңсыз пайдалану тәртібі туралы заңдылықты көрсете отырып, жасап, орнату);

- 04 маусым күні ҚР Рәміздер күніне орай, ауданда орналасқан Ту тұғыр алаңында аудандық іс-шара ұйымдастыру және 100 Тумен, қолға ұстайтын 200 Тумен қамтамасыз ету.

- 100 дана ақпараттық  постерлер,   200 тақырыптық  буклет дайындау  (орыс  және қазақ тілдерінде,  түрлі-түсті);

- 6 мақала облыстық БАҚ;

- Атқарылған іс-шараларды әлеуметтік желілерде,  БАҚ-да жариялау;

Жобаның жүзеге асқандығы туралы шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша) және қаржылық есеп беру.     

Сәуір-қараша

2026 жыл

1,8 млн теңге

5

Аудан тұрғындары арасында «Азаматтарды әскери- патриоттық тәрбирлеу» бойынша насихаттау жұмысын жүргізу.

Мақсаты: Жоба бойынша ұйымдастыру-тәжірибелік шаралар:

Аудан тұрғындары арасында әскери патриоттылықты насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу.

-15 кездесу Аудан тұрғындары арасында арнайы мамандарды тарта отырып іс-шара ұйымдастыру.

-2 семинар Арнайы әскери шені бар мамандарды тартып, жастар арасында патриоттылыққа тәрбиелеу бойынша шаралар өткізу.

-Тақырып бойынша 1 видеоролик дайындау, тапсырыс берушімен келісу.

- Тақырыпқа сай, 3*6 өлшемдегі 2 баннер дайындау, тапсырыс берушімен келісе отырып.

- Аудан тұрғындары арасында 200 анонимдік сауалнама жүргізу.

-Аудан жастарын салауатты өмір салтына баулу мақсатында                     2 футбол жарысын ұйымдастыру.

Атқарылған іс-шараларды аудандық БАҚ-да, әлеуметтік желілерде  жариялау.

Жобаның жүзеге асқандығы туралы шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша) және қаржылық есеп беру.     

Сәуір-қараша

2026 жыл

1,8 млн  теңге

6

Талғар ауданы халқының құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру.

Мақсаты: Құқықтық мәдениетті арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

 Халықтың құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділігін қалыптастыру бойынша халықпен айына кемінде (барлығы: 20 кездесу – ауылдық округтерде), Өткізілген іс-шаралар туралы арнайы пресс-релиздер дайындап, әлеуметтік желілерде, баспа басылым беттерінде мақала жариялануы қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты тақырыптық 100 тал күнтізбе дайындау. Департаментпен және тапсырыс берушімен келісе отырып әзірлеу.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты тақырыптық 100 тал блокнот дайындау. Департаментпен және тапсырыс берушімен келісе отырып әзірлеу.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты тақырыптық 50 футболка 50 кепка әзірлеп, жастар арасында 1 форум ұйымдастыру. Департаментпен және тапсырыс берушімен келісе отырып әзірлеу.

Көрсетілген тақырып бойынша ұзақтығы 40-59 секунд,  қазақ тілінде 2  тақырыптық бейнеролик дайындау). Сценарий тапсырыс беруші және Департаментпен келісу қажет. Электрондық тасығыштарда (интернет-ресурстарда) және өңірлік телеарнада орналастыру.

 Қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт және ақпараттық постерлер тарату – 500 (тоқсан сайын 125 постерден). Эскиздері тапсырыс беруші және Департаментпен келісу қажет. Баннерлер орнату – 15 дана, көлемі 3*6 метр Банерлердің эскиздері тапсырыс беруші және Департаментпен келісу қажет.

Сонымен қатар, А3 форматында 500 жапсырмалары үгіт құралдар.

Сәуір-қараша

2026 жыл

2 млн тг

 

Барлығы

 6 лот

Сәуір-қараша 2026 жыл

11 млн теңге

 

4.Көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар:

  • Тапсырыс беруші белгілеген мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде қызмет ұсынылады.  
  • Қызмет көрсету туралы келісім-шарт күшіне енгеннен бастап Өнім беруші  10 жұмыс  күні ішінде, іс-шара нақты қай күні өтетіндігі көрсетілген жобаның толық жоспарын Тапсырыс берушімен келісе отырып жасайды. Өнім беруші  қызметтерді Тапсырыс берушімен келісілген іс-шара жоспарына сәйкес ұсынады; 
  • Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті материалды-техникалық базаның қызмет көрсететін аумақта бар болуы (кеңсе, оргтехника телефон);
  • Жоба тақырыбы бойынша сапалы қызмет көрсету үшін мамандарды тарту мүмкіндігінің болуы қажет;

 

5.Әршараның сапалы өтуін қамтамасыз ету

  • Шара өтетін орынға Тапсырыс беруші және бірлестік логотипі көрсетілген баннерді әзірлеу және орналастыру, шара өтетін ғимараттағы орынды дайындап, шара қатысушыларын қажетті материалдармен, папка, қалам, блокнот және басқа да полиграфиялық-имидждік материалдармен қамтамасыз ету, әр шараның фото түсірілімі, БАҚ-та жариялау;
  • Бір күнде және бір жерде бірлескен шараны өткізуге болмайды;
  • Шараны ұйымдастыру және өткізу қызметін үшінші тұлғаға ұсынуға жол берілмейді;
  • Келісім шартқа тікелей және жанама қатысы бар кез-келген шара туралы, шара өтерден 5 жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге хабарлау және шараға қатысты барлық дайындық материалдарын (тұжырымдама, іс-шара өткізу бағдарламасы, күн тәртібі, шақырылған қатысушылардың тізімі, тренер/дәріскер/модератордың түйіндемесі, баспасөз-релизі) көрсетуі және келісуі тиіс;
  • Барлық әзірленетін полиграфиялық және имидждік өнімдерді (баннер, билборд, кәдесыйы өнімдері, стикер,буклет, кітапша, құттықтау ашықхаттары және т.б )  Тапсырыс берушімен келісу қажет, оларда Тапсырыс беруші туралы мәлімет болуы тиіс.

6.Есеп беру талаптары.

-Жобаның жүзеге асқандығы туралы  3 есеп:

 Аралық, толық шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша), қаржылық есеп беру.  

 -Барлық өткізілген іс шара аудандық БАҚ-да, әлеуметтік желілерде  жарық көруі тиіс.

- Барлық шараларда қолданылған  көрнекі, видео, фотоесептер бірге тапсырылады.

-    Аралық шығармашылық есеп көрсетілген қызметтер актісіне қол қояр алдында жоба жетекшісі барлық өткізілген іс-шаралар, әдістер мен

тәсілдер, пайда болған мәселелер мен олардың шешу жолдарын аралық шығармашылық есепте көрсетуі тиіс. 

-   Ақтық шығармашылық есеп Көрсетілген қызметтердің соңғы актісіне қол қояр алдында жоба жетекшісі есеп құрастыру нұсқалығына сәйкес Тапсырыс беруші бекіткен нысан бойынша ақтық шығармашылық есеп әзірлеуі тиіс.  

-Есептердің барлығы мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс комиссиясының  хатшысына тапсырылады

Шығармашылық есептің міндетті бөліміне іс-шараның өткізілуін растайтын төмендегідей құжаттар жатады: 

 Барлық іс-шаралар нысандары үшін:

  1. Іс-шараның өткізілу бағдарламасы.
  2. Қоса берілген №1 кестесіне сәйкес аты-жөнін, жұмыс/оқу орны, байланыс деректерін көрсете қатысушылардың тізімі (қатысушылар туралы ақпаратты және қолтаңбаларын жинау мүмкін емес жаппай іс-шараларды өткізу басқаларынан – концерттер, акциялар және т.б.).
  3. Өткізілген іс-шара туралы байланыс ақпаратпен қатысушылардың пікірлері (5-тен кем емес).
  4. Фотосуреттер мен бейнежазбалармен дискілер,usb флешка барлық іс-шаралар бойынша басып шығарылған фотосуреттер міндетті түрде. Фотосуреттерде және бейнежазбаларда қатысушылар саны, іс-шараның өткізілуінің барлық кезеңдері, ұсынылған үлестіру материалдары, жабдықтар, залдың жалпы көрінісі және безендіру (Тапсырыс беруші көрсетілген баннер/стенд) көрсетілу керек.
  5. Іс-шараны визуалдық безендіру (баннер, стенд, паучок, кергі және т.б.) міндетті түрде Тапсырыс берушінің көрсетілуімен болу керек.
  6. Үлестіру материалдар (әдістемелік жинақтар, баяндамалар жинағы, ақпараттық парақтар, буклеттер, имидждік материалдар және т.б.) міндетті түрде Тапсырыс берушінің, тираж бен байланыс ақпаратпен типография атауының көрсетілуімен, есептен шығару актісімен (тізімдемемен) қоса болу керек.
  7. Баспа және/немесе электронды БАҚ-та шыққан барлық материалдарын көрсетіп БАҚ дайджесін әзірлеу. Сонымен қатар мақалалардың, жарияланымдардың шыққан күнін, газеттің, журналдың атауын және нөмірін көрсетуімен көшірмесін, сайтқа сілтемесін, электронды БАҚ бойынша эфирге шыққан уақыты мен күні көрсетілген эфирлік анықтамасын қоса салу.

Бөлек іс-шаралар нысандары үшін:

  1. Семинарлар/ тренингтер/ шебер-сабақтар үшін - тренердің тұсау кесері, түйіндемесі, оқу модулі, сертификаттардың үлгісі
  2. Дөңгелек үстелдер үшін барлық қатысушылардың баяндамалары, дөңгелек үстелдің қатысушыларының қолтаңбаларымен ұсыныстар/ қарарлар.
  3. Көрмелер үшін – көрме экспонаттардың каталогы.
  4. Концерттер, конкурстар, фестивальдар үшін – сценарий.
  5. Кеңестерді өткізу үшін (қоғамдық қабылдаулар, әртүрлі бағыттар бойынша орталықтардың жұмысы) – қызметтерді көрсету журналы.
  6. Фокус-топтар, сараптамалық топтар үшін – хаттамалар, аудио және бейнежазбалар (фокус-топтар үшін).
Дата публикации
12 января 2026