«Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Алматы облысы Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4120 болып тіркелген) қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бірлескен мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының
1-тармағында:

9) тармақшасының 3-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Қарабұлақ ауылының шекарасы (шегі) 954,4904 гектарға өзгертіліп, Қарабұлақ ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 1351,7131 гектар болып белгіленсін;»;

9) тармақшасының 7-абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Түзусай ауылының шекарасы (шегі) 532,2988 гектарға өзгертіліп, Түзусай ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 598,0988 гектар болып белгіленсін;».

  1. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Лауазымы                                                                            Аты-жөні

Дата публикации
06 января 2026