АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Талғар қаласы 18 сәуір 2025 жыл
«Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) басшысының 2025 жылғы 1 сәуірдегі «Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 34 бұйрығы негізінде «Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Бөлімдегі ішкі талдау 2025 жылдың 07-17 сәуір аралығында жүргізілді.
«Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Талғар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 03 қазандағы № 10-376 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Жұмыс тобының жетекшісі – Талғар ауданының мәдениет үйінің директоры Б. Шағаев, жұмыс тобының мүшелері: Талғар ауданының кітапханасының директоры М. Хармысов, Талғар ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының әдіскері С. Ерғалиев, Талғар ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының статисті
А. Данияров.
ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
2.1. Бөлім өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі»;
- Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 желтоқсандағы Мәдениет туралы № 207 Заңы;
- Қазақстан Республикасының Тіл туралы 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы.
2.2. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша (қақтығыстар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.)
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс тобы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс тобы
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
Ұсыныс: Бөлім мамандарына ШЖК қатысты нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу, семинар өткізу
ІІІ. БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
3.1. Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы
2024 жылғы 01 қаңтарға қазандағы штат кестесіне сәйкес Бөлімнің жалпы штат саны 3 адамды құрайды. Талданатын кезеңде жұмыстан кету (айналым) және кадрлардың ауысуы болған жоқ.
3.2. Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде және жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері анықталған жоқ.
Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы тұруға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік органның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру, «сенім телефондары» туралы ақпараттандыру жүзеге асырылады.
Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
3.3. Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша
Бөлім 1 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны - 102 Оның ішінде:- «электрондық үкімет» веб-порталы (ЭҮП) арқылы -102Мерзімдері бұзылған Мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің көпшілігі электрондық форматта жүріп жатыр, бұл қызметалушының қызметберушімен өзара іс-қимылының сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмайды. Мемлекеттік қызметті алудан бас тарту, қызметкерлердің сапасына қатысты шағымдар болған жоқ. Мекемеде «Халыққа мемлекеттік қызметтердің электрондық өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар, қажетті мемлекеттік қызметті алу үшін, интернетпен жабдықталған компьютер бар. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестері Стандартпен бекітілген нормаларға сәйкес келеді. Қосымша құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер стандартқа сәйкес қағаз және электронды түрде көрсетіледі. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер БАҚ-та жарияланады.
3.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау – жоқ;
3.5. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер
2024 жылғы талдау барысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» № 350-VI кодексінің талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Талғар ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны - 3 бірлік. Бос бірліктер жоқ.
Персоналды басқару желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде анықталған жоқ.
Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жасырын мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысына:
1) Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жұмыс тобының мүшелері
|
Шағаев Берік Сапарғалиұлы |
Талғар ауданының мәдениет үйінің директоры, жұмыс тобының жетекшісі |
|
|
Жұмыс тобының мүшелері
|
|
|
|
Хармысов Махамбет Қасымханұлы |
Талғар ауданының кітапханасының директоры
|
|
|
Ерғалиев Сәбит Айтқалиұлы |
Талғар ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының әдіскері |
|
|
Данияров Асхат Омерханұлы
|
|
Талғар ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының статисті |
|
|
|
|
|
Таныстым:
|
|
|
|
Бегимбаева Фарида Мамырбековна |
|
Талғар ауданының мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
|